Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Ғалымдар дәлелдеген 10 «күмәнді» ғылыми ақиқат

Көптеген адамдар ғылымда ештеңені абсолютті нақтылықпен дәлелдеу мүмкін емес деп санайды. Бұл пікір скептик-дилетанттарға ғалымдар арасында мүлтіксіз саналатын пайымдаулардың растығына күмәндануға мүмкіндік береді. Real Clear Science порталы негізгі 10 ақиқатты таңдаса, Theory&Practice жобасы мәтіннің ең басты тезистерін анықтады.

Эволюция теориясы шынайы

Эволюция теориясы — жер бетіндегі тірі ағзалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бірдей түсіндіретін біртұтас маңызды тұжырымдама. ДНҚ реттілігі жайлы соңғы жылдары жинақталған ақпарат бұл теорияның бұлтартпайтын дәлелі болса да, Польша, АҚШ, Грекия және басқа елдердегі бірқатар азаматтар эволюция теориясымен келіспейді екен.

Өнімді жануарлардан тестілеу ақталған

Америкада өнімді жануарлар арқылы сынау жүргізуді 93% ғалым мен тек 52% қарапайым азамат қолдайды екен. Көп адамдар бұндай тестілеу жүргізусіз биомедициналық зерттеулерді жүзеге асыру мүмкін болмайтындығын түсінбейді.

Ұрықтың өзек жасушасын зерттеу аса маңызды

Ұрықтардың өзек жасушалары плюрипотентті — ересектердің өзек жасушаларымен салыстырғанда, олар кез келген жасуша типіне айнала алады. Биологтар үшін бұл регенеративті медицина дамуында негізгі мәселе болып табылады.

Вакцина егу аутизмнің себепшісі емес

Вакцина егуден кейін балалар аутизмі белгілерінің пайда болуы туралы қысқа ғылыми зерттеу 1998 жылы жарияланғаннан бері бірнеше рет жоққа шығарылды. Алайда екпенің қауіптілігі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында әлі күнге дейін таралуда.

«Альтернативті» медицина жоқ

Акупунктура, хиропрактика, гомеопатия — аталмыш әдістемелердің нәтижелілігі ғылыми түрде дәлелденбеген. Демек, мүлдем дәлелденбеген. Бірақ, аталған жолмен емделу кезінде науқастың жағдайы жақсарады — өздігінен немесе плацебо әсерінен, ол өз кезегінде «маған көмегін тигізді» сияқты дәйектерді көбейтеді.

Үлкен адрондық коллайдер Жерді жоя алмайды

Үлкен адрондық коллайдерді біздің планетамызды жұтып жіберетін қара тесіктің пайда болуына себепкер деп атайтын пікір бар. Алайда, біреу қара тесіктер бөлшектердің қақтығысуынан пайда бола алады деген тұрыжымды дәлелдей алса, бұл революциялық жаңалық Нобель сыйлығына ие болар еді.

Суық ядролық синтез мүмкін емес

Ядролық синтездің жүруі кезінде орасан зор жылу энергиясы пайда болады, бірақ бұл көп жағдай Күннің бетінде ғана жүреді. Өкінішке орай, Жер бетінде қауіпсіз әрі арзан ядролық синтез жүргізудің жолдары ойлап табылған жоқ.

Көмір жағу - атом энергиясынан қауіпті

Қоршаған ортаның ластануынан жылына 2 000 000 адам мерт болады. Бұл адамзаттың әлі күнге дейін энергия алу мақсатында көмірді жағуынан. Ядролық энергетиканың қауіп-қатері бұның жанында әлдеқайда аз болып көрінеді.

Климаттың өзгеруі — адам қолынан болған нәрсе

2010 жылы Гэллап Институты өткізген сауалнама нәтижесінде 46% респонденттің климат өзгеруі негізінен табиғи себептерден болатындығы туралы пікірді қолдайтындығы анықталды. Ғылыми қауымдастықта олармен ғалымдардың тек 3% ғана келісетін еді.

Гендік модификацияланған өнімдер қауіпсіз

Гендік модификацияланған өнімдердің қауіпсіздігінде алдыңғы қатарлы америкалық дәрігерлер мен ғалымдар ассоциациялары күмәнданбайды. ГМӨ тәжірибе өткізілген тышқандарда ісік тудырмады, бұл тақырыпта жеке ғылыми зерттеу жүргізілген. Алайда, медиа, анти-ғылыми бірлестіктер гендік модификацияланған өнімдер төңірегіндегі тақырыпты өз пайдасына жұмсайды.

Материалды аударған: Айжан Байтанова

3
1
2755

Осы тақырып бойынша

Ғалымдар дәлелдеген 10 «күмәнді» ғылыми ақиқат - Yvision.kz