Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

«Екпін» жобасы неліктен сіздермен қоштасады?

2012 жылдың қаңтар айында «Екпін» деген жобамыз туды, осы уақытқа дейін қаншама айдар мен материал дайындалды, қаншама кейіпкермен таныстық, қаншама жиналыс өткіздік. Осының бәрі бекер емес, еңбегіміз зая кетпеді деген үмітпен жобаның соңғы нүктесін бүгін қоюға тура келеді.

Барша оқырмандарымыз үшін соңғы видеоблогымызды түсіруді жөн көріп, осы роликті сіздерге арнадық. Түсірілім барысында бірнеше дубль камераға жазылмады, содан біраз алғысымыз видеода жоқ. Алайда, әрқайсыларыңыздың орны біз үшін ерекше екенін ұмытпаңыздар. Бізді оқып, жобамызға қызығушылық танытып отырған барлық жандарға алғысымыз шексіз. Жаңа жобаларда жүздескенше!

«Екпін» командасы

Шетелде білім алу: The University of Aberdeen

«Шетелде білім алу» айдарының бүгінгі кейіпкері – Көлік және коммуникациялар министрлігінің бас сарапшысы Жанат Жахметова. - Жанат, сәлем! Алдымен өзің туралы қысқаша айтып өтсең? Қазақстанда қай жоғары оқу орнында білім алып едің? - Мен Жезқазған қаласында туып-өстім, №8 қазақ гимназиясын 2004 жылы аяқтап, сол жылы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түстім. Сегізінші сыныпқа дейін ағылшын тілін сүйіп оқитынмын, кейіннен жаратылыстану сабақтарына қызығушылығым арта бастады. Мүмкін, анамның химия пәні мұғалімі болғаны да рөлін атқарған шығар. Университетті 2008 жылы Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша аяқтап шықтым. 2009 жылы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығына жұмысқа орналастым, кейін мемлекеттік қызметке ауыстым. Өз мамандығым бойынша Индустрия және жа…

10
4
3699

Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»

Айжан Кәрібаева журналист Лаура Мырзақоңырова Ақтау қаласында тұратын қазақтың қарапайым қызы. Қазірде Маңғыстау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ал бос уақытында жанұясын тәтті тағамдарымен қуантып, оның жасалу жолдарын басқа да қыз-келіншектермен өз блогында бөлісіп отырады. Бүгінде Лаура бізге damdialem.blogspot.com блогы жайлы айтып беріп, арнайы «Екпін» үшін ерекше бір тәттісінің жасалу жолын көрсетті. - Жалпы аспаздық блогын жүргізу идеясы қалай келді? Блогты қашаннан бастап жүргізе бастадыңыз? - Барлығы инстаграмға әзірлеген тағамдарымның және тәттілерімнің суреттерін қоюдан басталды. Инстаграмдағы достарым сурет қойған сайын рецепт сұрайтын болды, рецепті бір жаздым, екі жаздым, соңында өзім шаршап кет…

8
8
9279

Видеолекция: «Дала уалаятының газеті»

Бүгінгі лекциямыз қазақ журналистикасының тарихына қатысты тақырыпты қамтиды: «Дала уалаяты газетінің» тарихы. Лектор: Мейрамхан Жәпек (журналист, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы веб-ресурстар бөлімінің жетекшісі). Тақырып бойынша лекторға сұрақ қоюға болады. Лекцияның бірінші бөлімі. Қосымша ақпарат 1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары: Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев. Газетте ақпараттық материалдарымен (Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары, т.б.) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар да жарияланды. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хика…

7
9
3304

Асхат Еркімбай: «Ғылым адами негізде қалыптасады»

Айжан Кәрібаева журналист Қала оқушылары мен ауыл оқушыларының айырмашылығы Иә, айырмашылығы қатты сезіледі. Екі жақтың да артықшылығы мен кемшілігі бар. Мысалы, қала мектептерінде оқушылар ашық, еркін ойлы, бірақ ауылдың балаларымен салыстырғанда ұлттық мәселеде көп ақпараттанбаған. Ауылдың балаларында ұяңдығы басым, білсем деп тұрса да - ұялады. Сол себепті ауыл балаларына ұяңдығын ашу керек, ал қала мектептеріне қазақилықты көбірек түсіндіру керек болады. Бірақ ол айырмашылық студенттер арасында 3-4 курстарда жойылып кетеді. Негізі белгілі бір деңгейде ұяңдық дұрыс. Ол иманнан болады. Адам ұяң болса, тыңдайды деген сөз. Кейде, мысалы, мүлде бет бақтыртпайтын студенттер болады, ол оны демократия деп қате түсінеді. Ол жай ғана өзін көрсету, білім алу құштарлығы мүлде жоқ деген сөз. Ал ұя…

8
2
1923

Тұрар Рысқұловтың ұрпағымен кездесу

Мейрамхан Жәпек журналист, Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші I бөлім Бастау II бөлім Айт күні III бөлім Тұрардың ұрпағы Владимир Іс сапарымның соңғы аптасына дейін Тұрардың қызы Майямен оның немересі Владимирмен жолығуды ойлап жүрдім. Күнделікті қауырт жұмыстардан кездесу кейінге қала берді. Дегенмен, жаратушы Алла бәрінің сәтін келтірді. Бірде РГАСПИ-де бір құжатты қарап отырсам, сұраныс қағазында В.Рысқұлов деп жазылып тұр. Мұрағат қызметкері, зерттеу нысанымыз бір болғандықтан ғана жеке парақшасын көрсетті. Сөйтсем, В.Рысқұловпен көрші тұрады екенбіз. Үйге келе сала Жаннаға айттым. «Дұрыс, келесі Декабристер көшесі. Ортада «Байқоңыр». Алты минутта тауып аласың» деді. «Байқоңырың не?» деп сұраймын Жаннадан. Ол ішек сілесі қата күлді. «Метродан шыға сала жан-жағыңа қарамайтының кө…

4
2
6513

Кітап оқу туралы 5 минуттық дәріс

Бук-скауттың оқырманның қолайлылық зонасы туралы пікірі «Манн, Иванов и Фербер» баспаханасының бұрынғы бук-скауты Сергей Король Лебедев Студиясында дәріс оқып, кітаптан неғұрлым көп пайда алу үшін оны қалай оқу қажет екенімен бөлісті. Субвокализация — мәтінді ішімізден оқу үрдісі. Адам минутына 200-300, кейде 400 сөз жылдамдықпен сөйлей алады. Бұл шамамен оның оқу жылдамдығымен сәйкес келеді. Жылдам оқудың белгілі теорияларының ешқайсысы шын мәнісінде жұмыс істемейді, себебі субвокализацияны бәсеңдете отырып, мәтінді жақсы меңгеру мүмкіндігі ғылыми түрде дәлелденбеген. Сөздердің қалай дыбысталатынын елестете алмайтын керең-мылқау адамдар да сөздерді ішінен айтады, бірақ бұл саусақтарды қимылдату немесе қол бұлшықеттеріне күш салу арқылы жүзеге асады. Демек, субвокализация үрдісінің физиол…

7
1
3995

Болат Тыныбеков: «Менің аспабым — виолончельдің тамыры қобыздан тарайды»

Айжан Кәрібаева журналист Бүгінгі кейіпкеріміз Күләш Байсейітова атындағы мектеп музыкасының сахнасынан бастап, Ұлыбританиядағы Альберт-холлға дейін көптеген әлемдік сахналарда өнер көрсеткен, Лондондағы "Royal College of Music" жоғарғы оқу орнының түлегі, виолончель аспабының шебер орындаушысы, музыкант — Болат Тыныбеков. Тыныбековтер әулеті қазірде шетелдерде өздерінің әйгілі дуэтімен танымал. Бір туған ағалы-қарындас Ботагөз (скрипка) бен Болат қазақ әуендерін де классикалық аспаптарға салып, әлемге қазақ музыкасын насихаттайды. Бүгінде Болат Тыныбековпен тек музыка жайлы емес, жалпы әлемдегі Қазақстанның орнын, тіл мәселесі мен бізге алға жүруге не жетіспейтіні жайлы әңгіме тарқаттық. - Болат, сәлеметсіз бе! Біздің журналға сұхбат беруге уақыт тауып келгеніңізге рахмет. Біраз өзіңіз ж…

9
4
4505

Шетелде білім алу: Высшая школа экономики

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері асқан талаптылықтың үлгісі болуға әбден лайық. Мәскеудегі Экономика жоғары мектебінде білім алатын Асқар Кожепьянов өзінің тәжірибесімен бөлісті. - Асқар, сәлем! Алдымен өзің туралы айтсаң? - Мен Қостанай облысының шағын, бірақ жайлы Рудный қаласында дүниеге келдім. Қаладағы өзіндік дәстүрі бар мектептердің бірі – №2 гимназияда оқыдым. Мектеп бітіргеннен кейін алматылық оқу орнына түскім келді, бірақ ойдағыдай болмады – өз қаламның институтында ғана «Маркетинг» мамандығынан оқу грантын иелендім. Ата-анам жас кезінде қоғамдық істерде жоғары белсенділік танытыпты, комсомолда болған екен. Бұл белсенділікті мен де мұра етіппін, университеттің қоғамдық және саяси өміріне үнемі араласып тұруым арқылы көп нәрсе үйрендім. Оқуым, әрине, бірінші орында тұрды. - Ал Мәс…

6
4
1849

Астананың мәдени өмірі блогшылар көзімен

Айжан БайтановажурналистАстананың мәдени өміріне көз жүгіртсек, Бәйтерек пен Хан Шатырдан басқа не білеміз? Океанариум, Цирк, Керуен? Ал одан басқа қызықты орындар бар ма? Блогшыларымыз Астананың мәдени өмірі туралы қаншалықты хабардар екенін білу үшін оларға мынадай сұрақтар қойған едік:1. Астанада қандай мұражайларды білесіз? Қайсысына бардыңыз?2. Астанада бірнеше театр бар. Қайсысын білесіз, қайсыларына барып көрдіңіз?3. Өзіңізге ұнайтын ескерткішті атаңыз.4. Астанада концерт тамашалайтын бірнеше орын бар. Қайсыларын білесіз, қайда барып тұрасыз?5. Қалада бірнеше сауда орталығы бар, қайсысына жиі барып тұрасыз?6. Шетелден келген қонақтар болса, оларды қайда апарып, нені көрсетер едіңіз?7. Астанада сүйікті мекеніңіз бар ма?8. Астанаға не жетіспейді? Не өзгертер едіңіз?Абай Отар, журнали…

6
3
4400