Мазмұнға өту
Обложка сообщества Атырау облысы

Атырауда мектеп аумағынан мұнай табылды

Атырау Қазақстанның мұнайлы астанасы деп бекер аталмаған-ау.

Расымен де бұл өңірде қай жерді қазсаң да қара алтын субұрқақша атқылап шыға беретін сияқты. Бірақ нақ осы жолы ол атқылап шықпапты.

Қалаға қарасты Бесікті ауылы мектеп-интернатының басшылығы білім ошағының ауласындағы қара майды өткен жылы байқаған екен. Бірақ ол кезде аз ғана мөлшерде болған соң ба, аса мән бермей, бетіне құм сеуіп жаба салған.

Ал биыл жазда жерден шығып жатқан сол «байлық» көбейіпті. Ұстаздар осыдан кейін ғана тиісті орынды, яғни Атырау облысының Экология департаментін бұл жайттан хабардар етуді жөн көрген.

Экологтар да қарап қалған жоқ. Олар да тексеру жүргізіп, құзырлы органдарға хат жолдаған. Енді мұнай шыққан жерді тазалау керек.

«Тексеру нәтижесінде қаланың полиция басқармасына мұнай текті сұйықтықтың қайдан келгенін анықтап, кінәлі адамдарға шара қолдану туралы хат жолданды», – дейді ЭД баспасөз қызметіндегілер.

Бұл жер қойнауының байлығы ма әлде ұрылардың жер астына жасырған дүниесі ме? Оны анықтау алдағы уақыттың еншісінде қалып тұр.

Дереккөз: Atyrau online

0
0
298

Осы тақырып бойынша