Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Автобус паркі қызметкерлерімен кездесті

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, республикалық штаб мүшесі Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Батыс Қазақстан автобус паркі қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында конс­ти­туциялық реформалардың маңызын атап өтіп, еліміздің Конституциясына енгізі­ле­тін өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжей айтып берді.

«Елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Жаңа Қазақстан идеясының дамуы Екінші республиканың тұжырымдамасында мазмұндалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай үлкен өзгерістерді қолға алды. Егемендік, жеріміз, еліміз және тіліміз – біздің басты құндылығымыз болып табылады. Біз қазақ тілінің дамуына баса назар аударуымыз керек. Әрине, біз басқа да шет тілдерін білуіміз керек, бірақ алдымен туған тілі­мізді құрметтеуіміз керек», - деді Мәлік Иманқұлұлы.

Өз кезегінде республикалық штаб мүшесі мемлекет дамуына белсенді қатысуға шақырды. Ол үшін биыл 5 маусымда өтетін референдумға қатысу аса маңызды болып отыр.

«Конституциялық өзгерістер – бұл сая­си реформа ғана емес, сонымен бірге біз­дің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясының 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Сондықтан бәріңізді референдумда дауыс беруге шақырамын, бұл біздің азаматтық парызымыз», - деп алдағы маңызды іс-шараға қатысып, азаматтық белсенділікті танытуға шақырды.

#ReferendumAMANAT

0
0
216

Осы тақырып бойынша

Автобус паркі қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz