Мазмұнға өту
Обложка сообщества Абай облысы

Аягөзде "Таза Қазақстан" акциясын белсенді жастар жалғастырып жатыр

Абай облысының Аягөз ауданында "Битан тау" аллеясын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шараға туған жердің тазалығын сақтауға, абаттандыруға үлес қосқан 40-тан астам жас қатысты.

Белсенді жастардың өкілі Нұрилла Дәулетқызы "Таза Қазақстан" акциясына қолдау білдірді.

"Қаламызда апта сайын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай шаралардың арқасында біз өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп жатырмыз. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты еңбекке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бүгінгі акцияға жастардың белсенді қатысуы үлкен көрсеткіш деп ойлаймын", – дейді Нұрилла Дәулетқызы.

Ауданда "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар жалғасын таба бермек.

0
0
372

Осы тақырып бойынша