Айнұр Исмаилованың «Көке» киносы

Осыдан бір жыл бұрын «Бастау» жас кинематографистер додасында Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Айнұр Исмаилова «Көке» атты қысқа метражды картинасымен жүлдегер атанды. Осыдан кейін Айнұр бірнеше халықаралық фестивальдерге қатысып, шетелдіктерді қазақ елімен, қазақ мәдениетімен, әдет-ғұрпымен таныстырып, әлемге жас режиссер ретінде танылды.

фото: @serikzhan69
Мен Жүргенов академиясындағы Аманжол Айтуаров шеберханасының түлегімін. Менің картинам - әкесі қайтысқан болған кішкентай баланың драмасы, оның алғашқы жан азабы, алғашқы бойсұнуы. Кинематографист ретінде айтпағым, қазіргі кезде біздің жұмыс жасауға бар мүмкіндігіміз бар. Көп ретте қазақ киносында жақсы мелодрама, мәңгілік махаббат хикаялары аз деп жатады, мен осымен келісемін. Келешекте Қазақфильмде толық метражды кино түсіремін деген жоспарым бар.
Жақында Айнұр «Көке» туындысымен IX Қазан халықаралық мұсылман киносының фестивалінде «Үздік ойын қысқаметражды фильмі» номинациясында жеңіске жетті.
(видеоны аударып, жоғары сапада тамашалуға болады)
