Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қазақстандағы жол апатындағы негізгі қақтығыстардың себептері

Сонымен қатар қай өңірде жол апаты жиі болатыны анықталды. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны бойынша бірінші орында Алматы (2,4 мың адам), одан кейін Алматы облысы (2,1 мың адам) және Жамбыл облысы (966 адам) тұр. Бұл 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығындағы көрсеткіш.

  Көлік тізгініне отыратын жастар оларға жүктелетін міндеттің, жауапкершіліктің қаншалықты жоғары  екенін түсінбейді. Соның салдарынан жүргізуші куәлігін сатып алушылар көбею үстінде. Ал куәлікті сатып алған адамдар жол ережесін толық білмей, соңында ереже бұзып жатады. Өкінішке орай бұл жағдай жол көлік апатына әкеліп соғады. Бұл бүгінгі мәселенің бірінші себебі.

  Апаттың қандай жағдайда жиі болатынын жіктеп қарайтын болсақ төртінші орынды көлікті мас күйінде жүргізу алады. Көлікті мас күйінде жүргізу шағын бағандарға соғылып, кейін жүргізушіні жүргізуші куәлігінен айырып, көлікті айып тұрағына қоюдан бастап жолаушылар қазасына дейін апарады. Бүгінде шамамен 25 мың адам көлікті мас күйінде айдап, оның 20 мыңнан астамы жүргізуші куәлігінен айырылған.

  Ал үшінші орында халық үнемі кінәлі деп табатын ауа райының қолайсыздығы тұр. Бұл жағдай әсіресе қыс мезгілінде жиі орын алады. Жолдың тайғақ болуы мен жиі тұмандануы көліктердің соқтығысуына әкеледі. Дегенмен дөңгелектің мұздан тайып кетуіне көлік иесінің қысқы дөңгелекті (шипи) уақытында салмайтыны себеп болып жатады.

  Екінші орында кеш қарайып, күн ұясына батқандағы көлік тізгінін ұстаушылардың көбеюі. Қала ішінде жарық шамдары болғанымен, қала сыртында жоқ. Сондықтан жол тегіс болмай немесе жылдамдықты асырып екінші жолға шығып кетушілер саны басымырақ болады.

  Бірінші орынды жылдамдықты асыру алады. Бұған жоғарыдағы жүргізуші куәлігін сатып алу кіреді. Атап айтқандай куәлік сатып алып, ережені толыққанды меңгермегеннің салдарынан жылдамдықты тыйым салынған жерде шамадан тыс асырады. Бұл бүгінде екі күннің бірінде болып жатқан жол-көлік апатына әкеліп соғады.

  Аталған апаттың салдарына қарап, еліміздегі жан қиярлық оқиғалардың  60% көлікті тізгіндеген жүргізушілердің кінәсінен болатынына көз жеткіздік. Халық айтқан жолдың да ауа-райының да кесірі бар. Дегенмен басым бөлігі өзіміздің заңға бағынбағанымыздан болады.

  Жол тәртібін сақтау - әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігі. Уақыт еншісіне қарай жол да жөнделер, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамалар да өзгерер. Алайда, көлік тізгіндеушілердің тәртібі мен ереже сақтауы түзелмейінше апаттың да азаюы, жағдайдың да оңалуы күрделі болмақ. Қауіп қайдан демеңіз, жылдамдықты азайтып, тәртіпке бағыну, өз өмірініздің кепілі. Жол ережесін білейік, есен - аман жүрейік!

Қазақ ұлттық университеті журналистика факутетінің 4 курс студенті А.М.Артық

Жетекшесі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова

0
0
517

Осы тақырып бойынша

Қазақстандағы жол апатындағы негізгі қақтығыстардың себептері - Yvision.kz