Мазмұнға өту
Обложка сообщества Оқи қалар оқиғалар

Қазақтың даласы мен қаласына су тасқынынан кейін өрт келіп жатыр

Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғастырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Су ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.
Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.
Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты.
Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.


undefined

Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті жойды.

Іле ауданындағы Алатау қаласында 63 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үйде өрт шықты.

Өрт толығымен жойылды, себебі анықталуда.
Зардап шеккендер жоқ.

undefined

Өрт сөндірушілер төрт газ баллонын шығарды.

Көкшетау қаласында Застанционный кентінде 4 пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында олар өрттің көрші үйлерге таралуын алдын алып, 4 дана газ баллоны шығарды.

Өрт сөндірілді. Оның шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.


Бүгін Түркістан облысының Созақ ауданында екі қабатты азық-түлік дүкенінде 150 шаршы метр ауданда шатырдың жанды.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.


Бүгін сағат 01:57-де Сарыарқа ауданында жеке тұрғын үй мен жапсарлас салынған гараждың шатырында өрт шықты.

Сағат 02:34-те өрт 90 ш.м. алдын ала алаңда оқшауланып, сағат 04:22-де өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

0
0
336

Осы тақырып бойынша