Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Қазанды бізбен баста #1

Сәлем, достар! «Екпін» редакциясы жаңа айдар ұсынып отыр. Осы күннен бастап әр айдың бірінші жұлдызында командамыздың бір мүшесі жаңа айды сіздермен бірге бастайды. Көңіл-күйді көтеріп, кеңестерімізбен бөлісіп, бос уақытымызды қалай өткізетінімізді талқылайық. Сонымен, қазан айында бізді не күтіп тұр?

АУА РАЙЫ

Әрине, Алматы күзі ерекше, сары-қызыл түсті, жылы, ұзақ, бір сөзбен, тамаша. Біздегі "Indian summer" екі айға созылады деп айтуға болады. Сондықтан да, алматылықтарға, үйде, не офисте отыра бермей, паркте, жазғы терассаларда демалып, тауға шығуға ұмытпаңыздар деп айтқымыз келеді. Тау жақта жабайы алмалар, алмұрттың да нағыз пісетін уақыты келді.

МЕРЕКЕ

6 қазан - Ұстаздар күні


АТАУЛЫ ДАТАЛАР

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған.

Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені —
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.

Лев Гумилев

1912 жылы 1 қазанда Царское селода туған.

Өзгелердің тәжірибесін зерттеуге болады және қажет, алайда, бұл жат тәжірибе екенін ұмытпау керек.

Махатма Ганди

1869 жылы 2 қазанда Порбандарда туған.

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол. Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті дәл қазір жаса.

ШАРАЛАР


24-26 қазан күні Kazakhstan Fashoin Week 2014 жылдың көктемі мен жазына арналған топтамаларды ұсынады.

26 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында «Біржан мен Сара» (2 актілі) операсының тұсау кесері. Билеттерді алдын ала кассалардан сатып алған жөн.

КІТАП


Меніңше, Чеховты жыл бойы оқуға болады, бірақ күзде эмоциялар ерекше сезіледі. Пьесалары мен әңгімелері күзгі көңіл-күйге сай. Кейде күлдіртіп, кейде жылатып тастайтын жазушының бір шығармасын осы айда оқып шығыңыз. Бұл өзгерістерді талап ететін "Шие бағы", немесе "Жалықтырып жіберетін хикая" да болуы мүмкін.

ПОЭЗИЯ

Алматы ауасындай мінезің бар,

Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.

Балқытып аласың да ыстығыңмен,

Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.

Соққан соң екі жақтап ыстық-суық,

Барады ақырындап бойым суып.

Айнымай тамылжитын жазым қайда,

Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!

Қасым Аманжолов 1953

МУЗЫКА


КИНО

The Bling Ring

София Копполаның жастарға арналған заманауи картинасы біраз қыз бен жігітті ойландыртты деген үміттемін. Өмірде cәнді киіну мен танымал болу маңызды емес, ал шоу-бизнестің жұлдыздарына еліктеу арқылы жетістікке жету екіталай - "The Bling Ring" осыны бізге тағы қайталап отыр.

Инстаграм үшін өмір сүретін, танымалдылыққа ұмтылатын тинейджерлер қазіргі кезде әр елде бар, сіздерге де таныс, сондықтан кино барлықтарыңызға қызықты болар.

АКТРИСА


Күзгі образдағы актриса және жоғарыда аталған кинодағы рөлге керемет кіре алған Эмма.

СЕРИАЛ


Журналистер туралы қызықты сериал дегенде бәріміз Newsroom (немесе Жаңалықтар бөлімі) еске түсіреміз. Алайда, БАҚ өкілдері туралы әрі британдық журналистика мен тарихи кезеңдерді сапалы жеткізе білген "The Hour" (немесе "Час") сериалы туралы біріміз білсек, көпшілігіміз біле бермейміз.

ФОТО


СӘН

Қазан айына сай образ - жылы пальто, бас киім, қолшатыр және үлкен қара сөмке.

тренчкоттарды ерекше жақсы көретіндер үшін

ТАҒАМ

Жергілікті алма мен алмұрттар пісіп, арзандайтын уақыт келді. Сондықтан бұл мүмкіндікті мейлінше пайдаланып алғаныңыз жөн. Бұл жемістерден тосап қайнатып алған болсаңыз, кеңесіңізбен пікір арқылы бөлісуді ұмытпаңыз, ал біз Шарлотканы дайындау тәсілімен бөлісеміз.
Бұл ең оңай рецепт болса керек! 
  • Жұмыртқа — 3 д.
  • Қант — 1 стак.
  • Май — 150 г.
  • Сүт — 0,5 стакан
  • Ұн — 1 стак.
  • Қамыр қопсытқышы — 1 ш.қ.
  • Тұз
  • Алма —  2-3 д.

Қамырға қажет барлық қосындыларды араластырып, формаға құямыз, ал алмаларды турап, үстіне жаямыз. Пеште (180-200 градус) қызарып, тәтті иісі шықпағанша ұстаймыз (макс. 30 минут).

 

САЙТ


Осы айда қандай жаңа қызықты сайт оқуға болады? Менің таңдауым Metropol сайтына түсті. Әсіресе қыздарға және жігіттерге арналған материалдарына назар аударыңыз.

 

МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША

Осы айда екі қосымшаға көзім түсті: біреуі фитнеске арналса, екіншісі орамал тағуды жақсы көретін қыз-келіншектерге пайдалы болар. Екеуі де тегін, Appstore-дан жүктеп алуға болады.

Workouts

Hermes Silk Knots

Сөз соңында айтарым, қазанның 31 күнін көңілді әрі пайдалы өткізіңіз!

Материалды дайындаған: Әлия Сембай

5
3
2559

Осы тақырып бойынша

Қазанды бізбен баста #1 - Yvision.kz