Қазанның екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектер күні атап өтіледі. Республикада 702 мыңнан...
Қазанның екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектер күні атап өтіледі. Республикада 702 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың қазан айында жергілікті атқарушы органдар мүгедектер күніне орайластырылған салтанатты іс-шаралар өткізеді (байқау-конкурстың, шығармашылық фестивальдердің, Паралимпиада ойындарының, арнайы Олимпиадалар мен чемпионаттардың жеңімпаздарын марапаттау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан белсенділерге құрмет көрсетеді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды аралайды. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мен оңалту орталықтарында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Ашық есік күндері» өтеді. Сонымен қатар, қайырымдылық акциялары аясында мүгедектігі бар ауыр науқастарға бару жоспарланған, оларға азық-түлік себеттері беріледі. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/266674...
***
Во второе воскресенье октября в Казахстане отмечается День инвалидов. В республике проживают более 702 тыс. лиц с инвалидностью. Социальная поддержка и повышение качества жизни людей с особыми потребностями являются одним из главных направлений государственной политики и одной из первостепенных задач Министерства труда и социальной защиты населения РК. В течение октября т.г. местными исполнительными органами будут проведены торжественные мероприятия, приуроченные ко Дню инвалидов (награждение победителей смотра-конкурса, творческих фестивалей, в Паралимпийских играх, специальных олимпиадах и чемпионатах), чествование активистов, внесших вклад в развитие системы социальной защиты лиц с инвалидностью. Акимы городов и районов посетят лиц с инвалидностью, семьи, воспитывающие детей с инвалидностью. В медико-социальных учреждениях и реабилитационных центрах пройдут «дни открытых дверей» для лиц с инвалидностью. Кроме того, в рамках благотворительных акций запланировано посещение тяжелобольных лиц с инвалидностью, им будут вручены продуктовые корзины. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/266674...
