Қазіргі студент бейнесі
Студент дегеніміз кім? Студент ол - 11 жылдық мектепті аяқтаған бұрынғы оқушы. Университет қабырғасында оқитын, оқумен қатар белгілі бір іс-шараларды, тіпті жұмысты алып жүретін, өз алдына жауапкершілігі мол адам деп елестетемін. Ал мен, қазіргі студенттің психологиялық портретін 2 жақтың көзқарасымен сипаттайын. Бірі - менің, екіншісі - мұғалімдердің.
Менің көзқарасым бойынша: Қазіргі студенттер көңілді уақыт өткізуге тырысады және онымен шектелмей, олар сабақты да барынша тырысып оқиды. Ең бастысы - интернетті тек қана көңіл көтері үшін емес, оқу үшін де, өз-өздерін дамыту үшін де пайдаланады. Заманауи студент - жаңа білімге, жақсы өмірге ұмтылғыш, ізденімпаз, ашық-жарқын, ментальды және психикалық жағдайына аса мән береді, салауатты өмін салтын ұстануға тырысады.
Мұғалімдердің көзқарасы бойынша: Қазіргі заман студентінің психологиялық портреті - белсенді, өзіне сыни көзқараспен қарайтын, үнемі қозғалыстағы және шытырман оқиғаларды іздейтін, кейде еңбеқор - кейде жалқау адам. Сондай-ақ, оның білімнен гөрі амбициясы көбірек, батыл әрі тәуекелшіл. Және де бастарына емес, интернеттен тікелей қағазға түсіретін, еріншектігі болмаса, мұғалімдердің мінсіз оқушысы бола алатын студент.
Жалпы, өз пайымдауымша қазіргі студенттің психологиялық портретін құра алдым деп ойлаймын. Ең бастысы-студент үшін университеттегі оқу кезеңіндегі негізгі кәсіп - бұл оқу және кәсіптік қызмет. Демек, оқуға, оның жетістігіне деген көзқарастың көрсеткіштері, оқу әрекетінің мотивтері жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының маңызды критерийлері болып табылады.

