Мазмұнға өту
uservk339952709

Елдана Жұматай

@uservk339952709

Сайтта 2021 ж. 16 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

12

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Қазіргі студент бейнесі

Студент дегеніміз кім? Студент ол - 11 жылдық мектепті аяқтаған бұрынғы оқушы. Университет қабырғасында оқитын, оқумен қатар белгілі бір іс-шараларды, тіпті жұмысты алып жүретін, өз алдына жауапкершілігі мол адам деп елестетемін. Ал мен, қазіргі студенттің психологиялық портретін 2 жақтың көзқарасымен сипаттайын. Бірі - менің, екіншісі - мұғалімдердің.Менің көзқарасым бойынша: Қазіргі студенттер көңілді уақыт өткізуге тырысады және онымен шектелмей, олар сабақты да барынша тырысып оқиды. Ең бастысы - интернетті тек қана көңіл көтері үшін емес, оқу үшін де, өз-өздерін дамыту үшін де пайдаланады. Заманауи студент - жаңа білімге, жақсы өмірге ұмтылғыш, ізденімпаз, ашық-жарқын, ментальды және психикалық жағдайына аса мән береді, салауатты өмін салтын ұстануға тырысады.Мұғалімдердің көзқарасы…

0
1
5168

Ерік күші қасиеті

Ерік күші адам бойына керек емес қасиет деп есептеген кездер бұрын болған. Қазірдің өзінде де кейбіреулер, ең бастысы – өзіңді, сезіміңді түсіну және солардың артынан ерген дұрыс деп айтады. Осы сынды ойлар бәлкім дұрыс болар, ал меніңше ерік – адамның бойында болуға тиіс және керек қасиет. Себебі, бізді шыңдайтын да, алға жетелейтін де осы қасиет.Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы жəне iшкi кедергiлердi жеңу арқылы өз қылық-əрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзі. Түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз əрекет-қылығын реттестiре алу қабiлетiнiң негiзiнде жүйке жүйесiнiң өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерiк сананы өзiндiк…

0
0
1113

"Психологияның маңызы"

Қазіргі XXI ғасырда өмір мен қоғамның барлық саласы дамып жатқанда, психологияның да маңызы артып келеді. Психология – адамның жан дүниесі мен рухани болмысын зерттейтіні бәрімізге мәлім. Яғни, ол – сезімдер мен іс-әрекеттердің, мінез-құлық пен ақыл-ойдың көрінісі. Психологияны білетін адам өмірін өзі қалағандай жарқын етуге және барлық армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сол себепті, өміріміздің барлық тармақтарында психологияның маңызы зор. Ал, менің өмірімде психология қандай рөл атқарады?Қазіргі жастардың көбі психология жайлы біледі және қызығады. Мен де солардың қатарынан боламын. Осыдан бір жарым жыл бұрын психологиядағы «визуализация», «аффирмация» деген терминдерді зерттеп бастадым, маған осы тақырыптар өте қызық болды және шын жүрегіммен сендім. Солай, алғаш рет «армандар…

0
0
3694

Достық туралы өлең

«Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды»

Деп мен емес,

Атам қазақ үн қатқан,

Достық жайлы талай ақын жырлатқан.

Мен де бүгін тебіреніп, толғанып,

Жыр жазайын достық жайлы қуанып.

Қуанамын, шүкіршілік етемін,

Жауға бермес достарымның барына.

Мені қолдап, күлкі сыйлап әрдайым

Жүрсе екен мәңгі жадырап жанымда.

Еліктің еркелеген лағындай,

Бір үйдің бес қызындай жүрдік біз.

Күліп-ойнап тастан-тасқа секіріп,

Талай қызық кезеңдерден өттік біз.

Шын достықтың мәнін бірге ұғынып,

11 жыл бойы бірге жүріп келеміз,

Сынақтардың бәрін бірге жеңеміз.

Биыл біз де...

Төрт жолдың төрт торабына кетерміз,

Асу-асу белестерден өтерміз.

Бірақ, мен сенемін, білемін

Әлі де бірге жүреміз, әлі де бірге күлеміз.

0
1
1960

Ана туралы өлең

Сізде ғой жақсылықтың бар асылы,махаббатым.

Жүрегімнің түбіндегі сезімдер,

Бір өзіңізге арналады,жанашыры.

Сізге деген махаббатым толастаған-

Жарласам да, әндетсем де бітпейді,

Кейбіреулер мүны - шексіздікке теңейді.

Ал мен болсам, теңеймін өзіңізді -

Жарқыраған жарық жұлдызға!

Қолдаған, демеу болған әрдайым ұлыңыз бен қызыңызға.

Ана, сіз бақыттысыз, бақытқа лайық жансыз,

Құдды бір толқындардан құтқаратын қайықтайсыз.

Ана - сіз бақытты боласыз да,

Себебі, сіз бақытқа лайық жансыз!

Балаларыңыз сізбенен мақтанада,

Сіз барда көңіліміз шаттанады.

Мейірімдісіз, көңілдісіз, қамқорсыз,

Қызыңыз әлі талай қияларға самғатады!

0
0
442

Жаңа әдебиет журналының қазіргі кейпі қандай?

Жұлдыз журналын оқи отырып, осыдан бір жыл бұрын “жас толқын” айдарына журналист Дана Асылжанованың«Үш тұғырлы тіл аясында ағылшын тілін оқытудың жүйесі» атты мақаласы жарияланғанын байқадым. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” - деп Қадыр Мырза Әли айтқандай, қазіргі 21 ғасырда кем дегенде екі немесе үш тілде еркін сөйлеуің керек. Біздің де мемлекет «Үш тұғырлы тіл» жобасын қолға алып, бұл қоғамның ең өзекті тақырыбының біріне айналды. Мақалада үш тұғырлы тіл бағдарламасына халық қарсы екені және бұл жобаға тағы да салиқалы пікірлер қажеттігін айтып, журналист өз жұмысымен қоғамның үнін жеткізе білді.Енді, мен де осы жөнінде өз ойымды білдірсем. Әрине, тіл үйреніп, жақсы жұмыс істеп, шет елге шыққанда еркін сөйлеу - керемет. Осыған талпыну керек. Бірақ, ең алдымен өзге тілді еме…

0
0
344

Әлихан Бөкейханов. 155 жыл

Әлихан Бөкейханов – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті.Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы:Бірінші, Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін, ең алдымен, "жер, жер және жер" болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек.Екінші, Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі бар байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, "қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс".Үшінші, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемле…

1
0
397

Қазақстандағы "сөз бостандығы" ...

Міржақып Дулатовтың бұл мақаласы - оқырманды тәнті етіп, автордың батырлығы мен өткірлігіне таңқалдыратыны анық. Мақала “Серке” газетіне шығарылғаннан кейін, газеттің бірден жабылып қалуынан-ақ материалдың саяси астары мен мәні зор екенін аңғарсақ болады. Жазушы бәріне түсінікті жалпақ тілмен, көп адамның айтуға батылы жетпейтін ащы шындықты ашып көрсеткен. Мысалы, Ресей қазақ халқына үстемдік көрсетіп, түрлі салық төлетіп, дін және неке мәселесіне араласып, тіл мен әдет-ғұрпымызды, жерімізді тартып алып, түбегейлі жойып жібергісі келетіндерін еш жасқанбай жазған. Осы мақала арқылы қазақ жерлерін тартып алып жатқан және қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы шықты. Менің ойымша, бұл мақаланың саяси мәні - Ресей бодандығынан құтылып, қазақтың шұрайлы жерлерін қайтару болды.…

1
0
803

Өзіңді дамыту қажет пе, тренд пе?

Қазіргі таңда “даму” сөзі жастар мен блогерлер арасында көп қолданылып жүр. Даму бойынша марафон жүргізіп, кітап жазып, курс сатып жатқандар күннен-күнге көбейіп барады. Бұл қажеттен гөрі, “ трендке” айналып бара жатқандай. Тіпті, бұл табыс көзіне айналды десем де қате болмас. Әрине, жастардың білімді болып, әрдайым ізденісте жүргені жақсы. Бірақ, саны көп болған сайын сапасы да нашарлайтыны тағы бар. Мысалы, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің қай-қайсысын ашсаңыз да “1 апта ішінде өміріңді түбегейлі өзгерт” , “1 айда бізбен-бірге жаңа адам бол” деп, айқайлап тұрған тақырыпшалармен экран беті толып кетеді. Біріншіден, бір апта немесе бір айда түбегейлі өзгеріп кету - мүмкін емес! Екіншіден - әр адам жеке тұлға және жеке тәжірибеден асқан дүние жоқ. Осылай биікке ұмтылып, шыңға шығамын деу…

0
2
611