БҚО-да құтқарушылар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеді

Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Әуеде тікұшақ жұмыс істеді.
Адамдармен қатар ит-мысықтар да құтқарылды.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында құтқарушылар мен жергілікті медицина қызметкерімен 2 моторлы қайықпен адам құтқарды.
Қарағанды облысының күштері мен құралдары БҚО учаскесінде Вишенька саяжайында, Меловые горки, және Мясокомбинат саяжайларындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.
Орал қаласының Самал ықшамауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстары жалғастырылды.
Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау қалалары мен Абай облысынан қосымша күштер мен құралдар келді.
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Озерное елді мекенінде ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп кезекші тиегіштердің көмегімен қосымша үйінділермен нығайту бойынша жұмыстарын жүргізді.
