Мазмұнға өту
Обложка сообщества Оқи қалар оқиғалар

БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Аңқаты ауылында да тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл елді мекенде жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты. Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бөгенді ашу жұмыстары жүргізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
298

Осы тақырып бойынша

БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді - Yvision.kz