Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шаралар өтуде

25 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Абай облысында ауқымды экологиялық шаралар өтті. Олар экологиялық жағдайды жақсартуға, елді мекендердегі тазалықты қалпына келтіруге көмектесіп қана қоймай, тұрғындарды ортақ іске – туған жерінің игілігі үшін еңбек етуге біріктіреді.Су қоймаларын, саябақтарды, алаңдарды, көшелер мен аулаларды қамтыған ірі сенбіліктерге жүздеген жергілікті тұрғындар шықты. Олардың барлығы да туған жерінің келбетіне бей-жай қарамайтыны анық. Өйткені болашақ ұрпақтың экологиялық санасын көтеру дәл қазірден басталатынын анық біледі. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы бұл үшін тамаша мүмкіндік қана емес, болашақта тазалықты сақтауға ынталандыру.Cонымен қатар ауқымды сенбілік Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні…

0
0
240

Абай облысының құрылысты бақылау және қадағалау саласында 94 әкімшілік іс қозғалды

Салада жоспардан тыс 62 тексеру жүргізілді. Оның шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 124 хаттама жасалып, 62 ұйғарым шығарылды.Жалпы сомасы 47,4 млн теңгеге 94 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 30 іс әкімшілік сотқа жолданды.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысы бойынша бақылау басқармасының басшысы (МСҚБ, еңбек инспекциясы) Шыңғыс Аманжолов мәлімдеді.Спикердің айтуынша, сот жүйесінде 50 іс қаралған, 32 материал әлі қаралуда.«Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 30 тексеру жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген тексерулер шеңберінде басқарма 2 ұйымның ("QazConstructions" ЖШС, "АлимСтрой" ЖШС, "ГрадСтройСервис" ЖШС соттың қарауында) құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясынан айырылды, сондай-ақ 3 техникалық қадағалау аттестаттары тоқта…

0
0
240

Жазда ыстықтан қорғанудың жолдары

Қазақы уақыт өлшеміне салсақ, қырық күн шілденің аяқталуына әлі 10 күн бар. Ол одан ары қарай да созылуы мүмкін. Ауа райын болжаушылардың мәліметі соған меңзейді.Фото: ТЖМОсындай кезде жұрттың ыстық өтіп, ауырып қалудан сақтанудың жолын іздейтіні аян. Ал бұл тұрғыда мамандар не дейді?Ең алдымен күннің астында қара жұмыс істеуді, жалпы, жүріп-тұруды азайтқан жөн. Әсіресе, сағат 11:00 мен 16:00 арасында. Далаға тек таңғы және кешкі салқында ғана шығуға тырысыңыз.Егер далаға тура күн күйіп тұрғанда шығу аса қажет болса, мынадай сақтық шаралары қаперіңізде жүрсін:- күннен қорғайтын крем жағып алыңыз;- бас киімсіз жүрмеңіз;- бір жайға кіріп, салқындап алыңыз;- таза матадан тігілген киім киіңіз.Сонымен қатар жылырақ душқа түсу керек. Әдетте жұрт мұндайда мұздай суға шайынғанды дұрыс деп санайды…

0
0
1646

Тұңғыш киберспорттық Олимпиаданың қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Шешім Парижде Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) 142-ші сессиясы барысында қабылданды.Фото: Yong Teck Lim / Getty ImagesСонымен, тұңғыш киберспорттық ойындар (Olympic Esports Games) 2025 жылы Сауд Арабиясында өткізіледі деген ұйғарым жасалыпты. Сондай-ақ осынау ірі жарыстарды ұйымдастыру үшін аталған елмен 12 жылдық серіктестік келісім бекітілген.ХОК президенті Томас Бах бұл олимпиадалық комитеттің жаңа дәуірге қадам басуы екенін және осы саланың цифрлық революцияға сай болуға талпынып келе жатқанын атап өтті.«Бұл – олимпиадалық бренд пен бүгінгі жастар арасында сақтап қалған құндылықтарымыздың тартымды болып тұрғандығының тағы бір дәлелі. Осы жоба Сауд Арабиясының Ұлттық олимпиадалық комитетіне мол тәжірибе әкеледі», – деп мәлімдеді Бах.Оның сөзі бойынша, бұл бастаманы киберспорт…

0
0
260

Алматы облысында кезекті көне қоныс табылды

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары арнайы жоба аясында еліміздің аумағындағы ежелгі қоныстардың орнында қазба жұмыстарын жүргізу ісін жалғастыруда.Жобаға PhD доктор Ринат Жұматаев жетекшілік етеді. Ал америкалық археолог-ғалым Клаудиа Чангтың жетекшілігімен қазіргі Алматы облысының жерінде орналасқан Белбұлақ мекені зерттелген. Ғалымдар соның нәтижесінде осы көне қоныстан бірнеше үйдің орнын тапты.Бұл жер үйсін дәуіріне тиесілі делініп отыр. Өйткені одан сол замандарға телінетін керамика сынықтары мен түрлі жан-жануардың сүйектері табылыпты.Археологтардың жазғы далалық жұмыстары өткен айдың 24-і мен осы айдың 10-ы аралығында жүзеге асырылған. Бұл шаруа келесі далалық маусымда да жалғасады деп күтілуде.Жалпы, Қазақстан аумағында ежелгі қоныстар мен қорымдар көптеп табылып жатады. Мысалы…

0
0
439

Музыкасы азалы. Әбдіжаппар Әлқожаның қамалғаны жанына қатты батыпты

Әншілер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің мұндай дау-жанжал, қамалу дегендерге еті үйреніп кеткен сияқты. Ал олардың әріптесі Әбдіжаппар Әлқожаның бұл жағдай жүрегін жаралағандай.Ол қамаудан шықққан соң Instagram-ға киімін өртеген видеосын жариялады. Ырымда бұл бар жамандық осымен кетсін дегенді білдіреді. Сосын оған «Көк бөрі» деген әннің сөзін қосып қойған.Ол мынадай:«Күйін кештім мен бүгінКөкбөрілердің жаралы.Адым сайын аңдығанҚақпаннан сирақ қанады.Арландарым атылып,Бөртелер кезді даланы.Айналамның барлығыШибөрі болып барады».Байқағанымыз, Әбдіжаппар осы жазбасымен бәле-жаланы қуып қана отырған жоқ. Әлдебіреулерге өкпелі екені білініп тұр.Сонда кімге? Айналасындағыларға дейін десең, оны біреу соны жаса деп арандатпаған шығар. Ал полиция ерсі әрекеті үшін ұстады.Иә, қазіргі адамдар…

0
0
441

«Барахолка» неге өртене береді?

Алматыдағы «барахолка» атанып кеткен ірі базарда кеше кешке қарай тағы да алапат өрт болды. «Тағы да» дейтініміз, ресми түрде атасақ, «Алатау» көтерме және бөлшек сауда орталығын қызыл жалынның шарпуы бірінші рет емес.  Құдайға шүкір, аспашамдар сақталған екі қабатты қоймада болған бұл өрт те түнге қарай толық сөндірілді. Адам шығыны жоқ. Ешкім отқа күймеген. Тек тауар күйіп кетті. Қызыл жалын 2300 шаршы метр аумақты шарпыпты.   Әлеуметтік желіні аңдыған жұрттың біразы «бас аман болсын, тауардың орны толар» деп отыр. Солайы солай ғой, бірақ «тас түскен жеріне ауыр» демекші, аспашам сатып күн көріп отырғандарға бұның оңай соқпағаны анық.   Сонымен, тілсіз жау неге тек «барахолканы» ұзағынан шыр айналдырып кетті? Жаңылмасақ, мұнда өрт 2013 жылы күзге қарай жиілей ба…

0
0
465

Астана тұрғыны пәтеріне мыңға жуық адамды тіркеген. Ол сотталды

Оның 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтеріне 937 адамның тіркелгені анықталған. Бұл жайында қала прокуратурасындағылар хабарлады.Фото: total.kzОсыдан кейін «резеңке» пәтердің иесіне қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органның бұл әрекеті оның өз баспанасына соншама адамды тіркегені үшін жасалып отырған жоқ. Өйткені пәтерге немесе үйге қанша жанды тіркесең де өзің білесің. Яғни елімізде заң бойынша оған шектеу жоқ. Ал мына тұрғынға заңсыз көші-қонды заңсыз ұйымдастырды деген айып тағылған.Сонысы дәлелденген ол ҚР Қылмыстық кодексі 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген.Бір қызығы, прокуратура хабарламасында тұрғынға нақты қандай жаза кесілгені айтылмайды. Бірақ жоғарыда келтірілген 394-баптың 1-бөлігінде былай делінген.«...мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық…

0
0
552

Атыраудағы балабақшада бүлдіршін септикке батып кетті

Баланы үйде ата-анасы, балабақшада тәрбиешісі қараусыз қалдырып жүре беретін заман болды бұл.Фото: astanatv.kzАтырауда төрт жасар бала септикке құлап кеткен. Бұл оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында жекеменшік балабақшадағы серуен кезінде болыпты.Осындай өкінішті жағдайды қалалық білім басқармасының басшысы Айнагүл Дүйсекенова растап отыр.«Қайғылы оқиға Құрсай ықшамауданындағы «Чебурашка» жекеменшік балабақшасында болды. Қазір құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр. Құрылтайшының түсініктемесін күтіп отырмыз. Қаза тапқан баланың отбасына көңіл айтамыз», – дейді ол. Ал Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Нарғыз Әбдірахманованың айтуынша, бүлдіршінді әдеттегідей тәрбиешілер қараусыз қалдырған. Бала сол жерде жан тапсырыпты. Оның денесін септиктен балабақша қызметк…

0
1
1126

Халықтың МӘМС-ке төлеген ақшасы қайда сақталады?

Еліміздің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) өкілдері осы сұраққа жауап берді.Фото: sputnik.kzМӘМС дегеніміз, тарқатып айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бұл жүйе ел тұрғындарының денсаулығын сақтау саласында олардың мүддесін әлеуметтік тұрғыда мемлекет тарапынан қорғауға арналған. Ол МӘМС-ке ақша төлеп отырғандарға дәрігерлік және дәрі-дәрмек жағынан дер кезінде, қолжетімді, сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге кепіл бола алады.  Оған салып отырған қаржымыздың қайда сақталатыны баршамызға қызық болары хақ. ӘМСҚ бұған толық жауап дайындапты.    Сонымен, барлық жарналар мен аударымдар еліміздің Ұлттық банкінің (ҰБ) арнайы шотына келіп түсіп, сонда сақталады. Ал одан ары қарай қаржы халыққа көрсетілген қызметті төлеу үшін медициналық ұ…

0
0
539