Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Балалардың денсаулығы басты назарда

Бүгін облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде №20 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбының бір топ ата-аналарының шағымы қаралды.

Ата-аналардың негізгі талабы - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен өздерінің сұрақтарына жауап алу. Партиялық алаңда ата-аналар аталмыш комитетпен тікелей бейнебайланыс арқылы қосылып, толғандырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, білім беру бөлімінің, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.

Отырысқа облыстық партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Сұлтанғалиев Махамбет жетекшілік етіп, алғашқы болып сөз кезегін ата-аналар тобының заңды өкілі, заң кеңесшісі Искакова Әсел Сағатқызына берді.

Заңды өкілдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға жолданған сауал бойынша көңіл көншітерлік жауап ала алмаған. Осы мәселені толығымен анықтап, республикалық деңгейде жауап алу үшін партияға келген.

Келесі болып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мәселені толығымен баяндап берді. Жолданған хаттар мен ғимаратқа жүргізілген сараптама жөнінде де сөз қозғалды. Ата-аналарға сараптаманың қорытындысы жіберілген, бірақ бұл құжатта жазылған ақпаратқа сенбей, сараптаманы тәуелсіз мамандарды шақырту арқылы жүргізсін деген талап қойылғандығы анықталды. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің өкілінің айтуынша, аталмыш ғимарат балалардың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейтіндігі белгілі болды.

Отырыстың қорытындысы бойынша, жоғарыда аталған ғимараттың балалардың денсаулығына еш залал келтірмейтіні және де толыққанды оқуға рұқсат берілгендігі анықталды. Мектеп жанында орналасқан жанармай бекеттерінің орналасуы бойынша комиссия тарапынан ресми түрде жауапты мемлекеттік органдарға сауал жолданатын болады. Сонымен қатар, білім беру бөліміне мектеп мұғалімдерімен ата-аналар көтерген этикалық бағыттағы сұрақтарға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Жалпы абаттандыру, мектепке жөндеу бойынша қосымша сұрақтар туындады. Олар бойынша құзырлы органдарға ұсыныстар берілді.

Дегенмен, ең басты ата-аналардың бала денсаулығы мен қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарына республикалық деңгейде жауап берілді.

Естеріңізге сала кетейік, №20 мектептің бастауыш сынып оқушылары М.Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп-интернаты көшірілді. Аталмыш интернат ағымдағы жылдың маусым айында жабылды.

1
0
172

Осы тақырып бойынша

Балалардың денсаулығы басты назарда - Yvision.kz