Мазмұнға өту
Обложка сообщества Спорт

Боксшы қыздарымыздың тарихи жетістігі

Боксшы қыздарымыз құрлықтық бәсекеде 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Осылайша, турнир қорытындысында жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Қазақстан құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтыннан алқа тағынды. Ал Владислава Кухта күміс медальді иемденсе, Марина Вольнова қола қанжығасына байлады.

Қазақстан бокс федерациясы тарихи көрсеткішке жеткен боксшыларды құттықтап, ақшалай сертификатты табыстады. Алтын медаль иегерлері 10 мың доллар, күміс – 5 мың, қола – 2,5 мың доллар сыйақы алады.

Боксшыларымыздың жетістігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады. Президент құттықтау хатын жолдады:

Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын.

Әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жалпыкомандалық кестесі:

1. Қазақстан - 8 алтын -1 күміс - 1 қола

2. Өзбекстан - 1-5-2

3. Үндістан - 1-3-6

4. Индонезия - 0-1-0

5. Моңғолия - 0-0-3

6. Тәжікстан - 0-0-2

7. Филиппиндер - 0-0-1

8. Шри-Ланка - 0-0-1

9. Кувейт - 0-0-1

10. БАӘ - 0-0-1.

0
0
624

Осы тақырып бойынша

Боксшы қыздарымыздың тарихи жетістігі - Yvision.kz