Мазмұнға өту
aibarrysdaulet

Aibar Bakyt

@aibarrysdaulet

Сайтта 2016 ж. 10 маусымКазахстан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

29

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

3

Боксшы қыздарымыздың тарихи жетістігі

Боксшы қыздарымыз құрлықтық бәсекеде 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Осылайша, турнир қорытындысында жалпыкомандалық есепте көш бастады.Қазақстан құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтыннан алқа тағынды. Ал Владислава Кухта күміс медальді иемденсе, Марина Вольнова қола қанжығасына байлады.Қазақстан бокс федерациясы тарихи көрсеткішке жеткен боксшыларды құттықтап, ақшалай сертификатты табыстады. Алтын медаль иегерлері 10 мың доллар, күміс – 5 мың, қола – 2,5 мың доллар сыйақы алады. Боксшыларымыздың жетістігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады. Президент құттықтау хатын жолдады:Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты…

0
0
624

Токио Олимпиадасына 60 күн қалды: дайындықтың қорытынды кезеңі

Төрт жылдықтың басты додасына бір айдан сәл көп уақыт қалды. Бүгінге дейін Қазақстан спортшылары 24 спорт түрінен 60 жолдаманы жеңіп алған«Қазір әлем алапат індетпен арпалысып жатқанда Олимпиада өткізудің қаншалықты жауапты екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Атлеттеріміздің амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін кезек күттірмейтін жұмыс. Делегацияны Олимпиада өтетін қалаға жеткізу, материалдық-техникалық жабдықталуы пандемия басталмай тұрып та осыған дейін де маңызды мәселе болып келген.Біздің міндетіміз – дода басталмай тұрып, барлық спортшымызды Токиодағы Олимпиада ауылына аман-есен жеткізіп, төрт жылдықтың басты бәсекесі аяқталысымен олардың елге дәл солай аман-есен жеткізу. Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті мен біздің тараптың негізгі басымдығы әрдайым спортшылардың жән…

1
1
851

Дамир Исмағұлов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

Дамир Исмағұлов UFC Fight Night 188 турнирінде қарсыласы бразилиялық Рафаэль Альвестен төрешілердің шешімі бойынша басым түсіп, UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Кештің басты жекпе-жегінде Коди Гарбрандт пен Роб Фонт кездеседі.

1
1
1801

Арман Оспановтың америкалық қарсыласы кім?

Арман Оспанов алғашқы кездесуін америкалық Крис Уэйдке қарсы жекпе-жекте өткізеді (18-6). Бұған дейін француз Энтони Деасимен(13-4) кездеседі деп айтылған еді. Жекпе-жек 10 маусымда өтеді.Крис Уэйд аралас жекпе-жекке келместен бұрын, күреспен шұғылданып, Нью-Йорк штатынының чемпионы болған.Артынша кикбоксингке ауысып, әуесқойлар арасында түрлі жарыстарға қатысты.2011 жылы түбегейлі ММА-ға ауысып, аралас жекпе-жектегі мансабын бастады. Алғашқы бес жекпе-жегінде қарсылас шақ келтірмеген. Алайда алтыншы айқасында жеңілістің ашшы дәмін татты.Рекорды 7-1 болған сәтте Крис Уэйдке UFC-ден ұсыныс түсті. Бұл 2014 жыл. Осы күнге дейін ол UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті.Professional Fighters League ұйымына 2018 жылы ауысты. Бұл лигада ол 6 айқасында жеңсе, 6-де ұтылды.Еске салайы…

0
0
349

Қазақ боксшылары Сербияда екі алтын алды

Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен аяқтады.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосының ел қоржынына алғашқы алтынды салса, 63 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов екінші алтынды алды.

81 келіде Нұрбек Оралбай мен 91 келіде Василий Левит күміс жүлдені қоржынға салды.

Жүлдегерлер қатарынан Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Райыс Нұрқанат (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (+91 кг) көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Belgrade Winner турнирінде жалпы саны 7 салмақта жүлдегер атанды.

Фото: olympic.kz

0
0
181

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Әйелдер – 4-ші, ерлер – Азияның үздігі

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан атлеттерінің қоржынында 7 жүлде алды. Оның ішінде, ерлер құрамасы жүлде саны бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Қазақстан әйелдер құрамасы үш медальмен төртінші болды.Қазақстандық зілтеміршілер жеті медаль жеңіп алды: «Алтын» – Арли Чонтей (55 келіге дейін) «Күміс» – Абылай Әуелханов (55 келіге дейін), Карина Күзғанбаева( 81 келіге дейін), Нұрғиса Әділетұлы (89 келіге дейін) «Қола» – Екатерина Быкова (71 келіге дейін), Айзада Муптильда (+87 келіге кг), Артем Антропов (102 келіге дейін)Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов жарысты былай деп қорытындылады:– Чемпионатқа қойылған мақсат орындалды. Тамаша нәтиже көрсеттік. Бір жылға созылған үзілістен соң жарыстың атмосферасын қайта сезіндік.Қалай болғанда да, біз қател…

0
0
327

Алматыда велошеру өтеді

Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өтізіледі.Велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан 09:00-де бастау алып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталады.Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертеді: барлық қатысушыларда арнайы шлемдер болуы керек, бұл міндетті талап, онсыз вело шеруге қатысуға рұқсат етілмейді!Жексенбілік спорттық іс-шаралар вело шеруден кейін Дуатлоннан өтетін Республикалық турнирімен жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл күні Алматы қаласында бірнеше спорттық іс-шаралар өтеді деп күтілуде:Сағат 11:00де Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада;Сағат 11:00де Орталық демалы…

2
0
798

ЕУРО-2016. Бүгін футболдан төртжылдықтың басты додасы шымылдығын ашады

Бүгін төрткүл дүние асыға күткен футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі басталады. Осымен 15-рет ұйымдастырылған ала доп додасына 24 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілдеге дейін футбол мерекесі әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей эфирде таратылады. Дүбірлі доп додасынан қазақстандық жанкүйерлер де құр қалмайды. Ұлттық арна турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Ал, 11 маусымнан бастап кешкі сағат 18:50-дегі ойынды «Kazsport» телеарнасы, ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды тікелей эфирде көрсетеді. Чемпионат кезінде арнайы студиялық бағдарла…

2
0
678