Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

«Clay House Gallery» ұсынады

Осы сәрсенбіде Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш көркем керамика көрмесі ашылды. "Clay House" көрмесінде еліміздің танымал суретші-керамистері Александр Львович, Анна Маргацкая, Владимир Григорьян, Елена Григорьян, Сергей Ледяев, Светлана Плотникова, Наталья Лепихина, Александра Роганова, Ғалия мен Балқия Құсайыновалар сынды шеберлердің туындылары қойылған.

"Сағаттар" атты панно, Наталья Цвырова

Төртбұрышты қобдишалар, Сергей Ледяев

"Мысықтар" шыныаяқтары, Светлана Плотникова

"Автомобильдер", Сергей Ледяев.

Керамиканы адамдар ежелгі палеолит, неолит дәуірінен бастап пайдаланып келеді. Басында керамика тұрмыс саласында қолданылғанымен, уақыт өте келе ол нағыз өнер туындысына айналған. Бүгінгі күні қыш өнері Азия, Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.
"Теңіз саяхаттары", Светлана Плотникова.

Қыш өнерінің кішігірім формалары үйді, офисті сәндейтін бұйымдар ретінде қолданылса, үлкен керамикалық туындылар кез келген қаланың назар аударарлық туындыларына айналады. Сондай-ақ қыштан жасалған бірегей туындылар көбіне сыйлық ретінде сыйланып жатады.
"Балық", Анна Маргацкая.

"Ұлу", Анна Маргацкая

Софья Москаленко, көрменің басшысы:
- Clay House Gallery-дің басты мақсаты Қазақстанның көркем өнерінің дамуына үлес қосу, адамдардың талғамын әдемі заттар мен ерекше сыйлықтарға бейімдеу. Бұл көрмені ашу арқылы біз алматылықтардың әдемілікке қол жеткізіп, өнер туындыларының күшін сезіндіруді көздейміз. Керамиканың өзі құдыретті жаратушының туындысына ұқсас бірегей жолмен дүниеге келеді. Өйткені оны жасауда шебердің қолдары жер (саз), су және отты пайдаланады.
"Шәйға арналған ыдыстар жиынтығы".

"Періште қыздар", Светлана Плотникова

Анаида, көрермен:
- Көрме өте ұнады. Әсіресе Светлана Плотникова мен Владимир Гриорьянның туындыларын атап өте аламын. Ерешке әсем өнер туындыларының барлығына жан дүниесін салып жасалғандығы бірден байқалады.
"Үйде періштелер күтіп отыр", Светлана Плотникова

"Ғашықтар", Құсайынова Балқия

"Голланд қызғалдақтары", Құсайынова Балқия

"Су перісі" қобдишалары, Наталья Цыварова

"Бұқа", Владимир Григорьян

"Жалғыз мүйіз бен ханым", Владимир Григорьян

Баян Барманқұлова, өнертанушы:

- Бұл кеңістік маған өте ұнады. Көрменің интерьер дизайны, жарық бәрі бір-біріне үйлесімді. Clay House Gallery керемика сүйер қауымның басын қосатын ортасына айналатындығына сенімдімін. Кез келген өнер сияқты қыш өнері де ерекше. Ал оның өзіндік ерекшелігі сурет сияқты қылқаламмен емес, жасаушының қолына жанаса, қолымен бірге жүрегіне, сезіміне, жан дүниесіне байлана отырып дүниеге келеді. Сондықтан да қыштан жасалған әрбір бұйымда жасаушының жылы қолдары сезіледі. Бұл көрме мәдениет орталығымен қоса жылулық, қуаныш пен шаттықтың ортасына айналарына сенімім мол.
"Манекендер", Елена Григорьян

"Қоңыраулы сағат", Елена Григорьян

"Қуыршақ", Наталья Лепина

_______________________________________________________________________
Көрменің мекен-жайы:
Қонаев көшесі, 85 ( Қазыбек би көшесінің қиылысында).
Анықтама телефондары: +7 701 747 00 26, +7 777 139 25 14
Жеке сайты: Clay House Gallery
Материалды дайындаған: Ракишева Айнұр
фото автордікі
5
2
3598

Осы тақырып бойынша

«Clay House Gallery» ұсынады - Yvision.kz