Мазмұнға өту
Обложка сообщества Книги

Дала жұлдызы - Ы. Алтынсарин: мектептер арасында батл

2 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» мектептер арасында батлойынының 1кезеңі өткізілді. Білімсайысы алаңында қаламыздың№15мен №17жалпы білім беретін мектептерікездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, әңгімелеріментанысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №17жалпы білім беретін мектебіжеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

0
0
763

Осы тақырып бойынша

Дала жұлдызы - Ы. Алтынсарин: мектептер арасында батл - Yvision.kz