«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары»
Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды. Балаларға арнап жазған көптеген әңгімелері, өлеңдері бар.
