Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Деркөл кентініңтұрғындары мал жайылымы және шабындық жерлер мәселелерін көтерді

18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Орал қаласы Деркөл кенті аумағында орналасқан жайылымдардың жеткіліксіздігі мәселесі бойынша тұрғындармен және жауапты мемлекеттік мекеме өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Деркөл кентінің шаруа қожалық иелері өзекті мәселелерін айтып, өз ұсынысытарын білдірді.

Жалпы Деркөл кенті жөнінде айтар болсақ, жалпы жер аумағы – 24359 га құрайды.

Деркөл кенті бойынша ауыл шаруашылығымен айналысатын 2 ЖШС, 1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (АШӨК) және 4 шаруа қожалығы бар. Олардың негізгі бағыты - егін және мал шаруашылығы. «Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-і егін шаруашылығымен, «Адиет» ЖШС-і егін және мал шаруашылығымен және «Ансар би» АШӨК, «Али», «Нұрсәт», «Барыс», «Сүндетов» шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады.

Орал қаласының Деркөл кентіне қарасты Ветелки, Новостройка елдімекендері тұрғындарың негізгі күн көріс көзі де - мал шаруашылығы болып табылады. Ветелки, Новостройка елді-мекендері алғашында Орал тәжірбие станциясы қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер негізінде 1928-1929 жылдары құрылған. 1970 жылдары Орал тәжірбие станциясының өндірісі кеңіп, тұрғындар саны қарқынды өсуінен үлкен елді мекендерге айналған. Елдімекен тұрғындары Орал тәжірбие станциясында жұмыс жасап, мал бағу, егін егу жұмыстарымен қатар, жеке мал шаруашылығымен айналысқан.

Қазіргі таңда аталған елдімекендердің басты мәселелерінің бірі - мал жайылымдары мен шабындық жерлердің жетіспеушілігі болып отыр.

Деркөл кенті бойынша мал жайылымы және шабындық жерлердің басым бөлімі (15 956,11 га – 65,5%, оның ішінде: егістік жерлер – 9 278 га, шабынды жерлер – 521 га, жайылымдық жерлер – 5 262,11 га, бау-бақша – 582 га, өзге де жерлер – 313 га) «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-інің теңгерімінде болғандықтан, жыл сайын Деркөл кенті әкімдігі тарапынан мал ұстаушы тұрғындарды жайлымдық жерлермен қамтамасыз ету мақсатында аталған мекемемен кездесулер өткізіп, мал жайлымына жерлерді белгілеп, мәселелер уақытша келісіліп шешіліп отыр. Алайда соңғы уақытта Ветелки, Новостройка елді- мекендерінде мал санының өсуіне байланысты, мал ұстайтын тұрғындардың және шаруа қожалықтарының талаптарын толық қанағаттандырмай отыр.

Бүгінде Ветелки мен Новостройка елді-мекендерін қоса алғанда, шаруа қожалықтары мен тұрғындардың жалпы мал саны - 2239 ірі қара, 3785 ұсақ мал және 406 жылқыны құрап отыр.

Мәлік Иманқұлұлы кездесу соңында барлық жиылған ұсыныс-пікірлерді тікелей жолдауларын сұрап, отырыста көтеріп оң шешілуіне септігін тигізетінін атап өтті.

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
235

Осы тақырып бойынша

Деркөл кентініңтұрғындары мал жайылымы және шабындық жерлер мәселелерін көтерді - Yvision.kz