Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Әділетті Қазақстанды” қалай және кімдермен құрамыз?Әрине, әрбір адамның

Әрине, әрбір адамның патриоттық рухын ояту және ішкі түйсігіне өзгеріске деген сенімді арттыру арқылы. Жүрек түкпірінде “мен елге не жасай аламын?” деген сұрақ болса бұл өзінің, қоғамның жетістікке жетуіне жасалған шынайы қадамы болады. Мемлекет басшысының да түпкі мақсаты - әр азамат отаншыл, әділ, шыншыл болып, қоғамдық өмірде өз ұстанымын ашық білдіруіне бейімдеу.

Еңбек адамы - әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегі. Қарапайым еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайлы жиі айтып жүрміз. Бұл да Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ұнамды тұжырымдамасы болды. Білім сапасына жіті мән беру, медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді ету Президенттің басты стратегиясы. Ал олигархтық капитализм біртіндеп жойылу үстінде. Ол дәлелдеуді қажет етпейді деп ойлаймын. Бәрі ашық түрде жариялануда.

Әлемдегі геосаяси жағдайларды ой елегінен өткізіп, бірлігімізді бекемдесек реформалардың орындалуына қол жеткіземіз.

Бейсен Тәжібаев

#TOQAEV2022

0
0
385

Осы тақырып бойынша

Әділетті Қазақстанды” қалай және кімдермен құрамыз?Әрине, әрбір адамның - Yvision.kz