Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының жыл сайынғы ...

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау және ведомствоның ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары бойынша Еңбекминінің алқа отырысында әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Еңбекминінің басшысы мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасалғаны туралы хабардар етті. «Елімізде 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Еңбек етуге қабілетті 126 мың адам экономикада жұмыспен қамтылған, бұл шамамен 30%-ды құрайды. Жұмысты жақсырақ таңдау үшін олар үшін Кәсіптер атласы әзірленді, ол тіршілік-тынысының шектелу түрлері бойынша 432 комбинациядан тұрады, шамамен 3 мың кәсіпті қамтиды. Ағымдағы жылы жұмыспен қамту шараларымен 15 мың адам қамтылды», – деді Серік Шәпкенов. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/270059...

***

Министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов на заседании коллегии МТСЗН по выполнению поручений Главы государства, данных в ежегодном Послании народу Казахстана, и итогах деятельности ведомства за 9 месяцев т.г. рассказал о проводимой работе по улучшению социального обеспечения и повышению качества жизни лиц с инвалидностью. Глава МТСЗН проинформировал о создании возможностей для экономической активности лиц с инвалидностью. «В республике насчитывается более 700 тыс. лиц с инвалидностью. В экономике заняты 126 тыс. из трудоспособных, или порядка 30%. Для лучшего подбора работы для них разработан Атлас профессий, который состоит из 432 комбинаций по видам ограничений жизнедеятельности, включает порядка 3 тыс. профессий. В текущем году мерами занятости охвачено 15 тыс. человек», – проинформировал Серик Шапкенов. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/270059...

0
0
373

Осы тақырып бойынша