Халыққа берілген уәде орындалуы тиіс
18 ақпан күні облыстық мәслихаттың үлкен залында Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық мәслихаттарындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракцияларының біріккен жиналысы өтті.

Отырыс барысында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттері, елді жан-жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ел Президентінің бағдары мен партияның реформалануын түсіндіру, Республикалық Жол картасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысындағы жобалардың орындалу барысы туралы, 2021-2024 жылдарға арналған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру, Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандарын елдің бірыңғай энергия жүйесіне қосу туралы қысқаша ақпараттар беріп өтті.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев, Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуының барысы туралы айтып өтіп, 2021 жылға жоспарланған 1151 іс шараның орындалуы 87,1%-ды құрап отырғандығын, қаражат жетіспеушілігі салдарынан ішінара орындалмаған жобалардың да бар екендігіне тоқталып, аталмыш жобаларды қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінімдердің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданғандығын, болашақта салалық министрліктермен бірлесіп жұмыстансақ, осы орайда Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау болса деген ұсынысын жеткізді.

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
