Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Халық қалаулысы жолаушылар тасымалдайтын компания қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы облысқа іс-сапары барысында Орал қаласының жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жолаушылар тасымалы саласындағы өзекті мәселелерімен танысты.

Орал қаласы жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың басшыларының айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша өзекті мәселелердің бірі - қалааралық тіркелмеген такси көліктерінің жаппай көбеюінің салдарынан автобекет мекемесі қарауындағы автобустарын аптасына 1 немесе 2 рет жолға шығаруға мәжбір, өйткені автобуспен барам деуші жолаушылардың саны аздығы. Соған сәйкес, штат 90%-ға қысқарып, жалақылары төмендеген. Сонымен қатар, автобус жүргізушілеріне келушілер де аз, себебі D категориясын алу үшін ең алдымен олар D1 категориясын алуы қажет, ал ол категорияны алу үшін кем дегенде 3 жыл газел айдау керек екен. Қазіргі таңда қала бойынша газел санын қысқартып, орнына жаңа автобус беріліп жатыр. Егер қала бойынша газел айдау мүмкіндігі болмаса, олар автобекетке қалай жүмысқа кірмек? Бұл жүйе жалпы біздің транспорттық логистикамызды одан әрі дамуына кері әсерін тигізеді. Осыған қарамастан, автобекет өз жұмысын жалғастыруда. Осы және тағы да басқа сұрақтардың шешімін табу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесуге келіп отыр.

Барлық мән-жайымен білген Аманжан Мәкәрімұлы, кездесуге келген азаматтарға жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ұсынысты тікелей өзіне жолдауды айтты. Бұл мәселенің оң шешілуі заңнамалық актілерге өзгеріс енгізулерден кейін өз шешімін табуы да ықтимал екенңн жасырмады. Аталған ұсынысты депутаттық сауал ретінде Орталық деңгейде жауапты мекемелерге жолдайтынын жеткізді.

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

1
0
252

Осы тақырып бойынша

Халық қалаулысы жолаушылар тасымалдайтын компания қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz