Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Халық үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі партия назарында

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысты филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қ.М.Ирменовтың төрағалығымен ZOOM форматында өткен отырысқа Қоғамдық кеңестің 8 мүшесі қатысты.

Кеңесте халық үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және олардың денсаулық сақтау саласындағы құзыреттілігін бағалау туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді тұрақты бақылауға алу және мемлекеттік тапсырыстың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды.

1
0
107

Осы тақырып бойынша

Халық үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі партия назарында - Yvision.kz