Игілі қызметтер порталы
aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы бұл саладағы жақсы құрал – ол мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет көрсетушілермен тікелей араласуын қамтамасыз етеді
Портал 6 процестің 5-ін цифрландыруды (инватакси қызметтерінен басқа) – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманы, жеке көмекші және курорттық емдеу қызметтерін көрсетуді көздейді
Мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету және оңалту қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылған. Қосымша төлем мүмкіндігі тұтынушы қымбатырақ тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде беріледі
Жабдықтаушыларға қойылатын талаптар: олардың салық және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ; банкроттыққа немесе таратылуға жатпайды; мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген; тиісті тауарды жеткізген кезде сәйкестік сертификатының болуы; медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге тіркеу куәлігінің болуы;
Мұндай тәсіл адал бәсекелестікті арттырады және әлеуетті жеткізушілердің қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді
Көрсетілетін қызметті алушылар порталды өз бетінше немесе басқармалардың, болмаса жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады
Сарапшылардың пікірінше, Портал жұмысы ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдар мен қызметтердің сапасын арттырады, оларды алу уақыты мен мақсаттылығын қысқартады, Оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтайды
Порталды әзірлеу кезінде халықаралық оң тәжірибе негізге алынды
Портал әкімшісі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қолдау көрсетуші – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ
Тіркелгеннен кейін клиент қызмет көрсетушілер тізіліміне, сондай-ақ мамандар мен медициналық-әлеуметтік қызметтерді атқарушылар тізіліміне қол жеткізе алады
Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар бөлімі клиентке өз сұрағына жауап алуға көмектесуі мүмкін. Оның ішінде «Жеке көмекші мен ымдау тілі маманына әлеуметтік қызмет көрсету қағидалары» бар
Мысалы, «Сүйемелдеуші адамға билет сатып алуға ақша бөліне ме?» деген сұрақ
Жауап – «Жоқ, ваучерлер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге ғана бөлінеді»
Жеткізушілердің ағымдағы сұрақтары:
«Жеке көмекшіні тіркеу үшін қандай құжаттар қажет»?
Жауап: «Соттылығының жоқтығы туралы мәліметтер, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтамалар»
«Жеке көмекшіге және ымдау тілі маманына әлеуметтік қызмет көрсету қағидалары»
Сұрақ: «Жеке көмекшінің қызметі үшін төлем қалай жүргізіледі? Айына 178 сағат деген шектеу бар ма?»
Жауап: «Жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімшелері қызмет көрсетілген нақты уақыт үшін төлейді, бірақ ол күніне 8 сағаттан аспайды (34-тармақ). Қазіргі уақытта заңнамада айына сағатқа шектеу жоқ
Сондай-ақ мүгедектердің тегін келуі үшін толыққанды жағдайлар жасалған нысандардың «Интерактивті қолжетімділік картасына» сілтеме бар
Алматы кедергісіз ортаны құру бойынша республикада көш бастап тұр – 4061 нысан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ішінара немесе толық қолжетімді
Оның ішінде жартылай қолжетімді: мүгедектер арбасына – 3565 (барлығы 555), 3388 – көзі нашар көретін адамдарға (563), 2651 – есту қабілеті нашар адамдарға (675), 3455 – тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға (567)
Және әрбір элемент үшін, тура мағынада, бір түймені басу арқылы сіз қалада немесе өз аймағыңызда барлық қажетті мекенжайларды ала аласыз
Еске салайық, біздің қалада 2030 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі адамдарға 75% кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Негізгі жетістіктер алғашқы үш жылда – 2025 жылға дейін жоспарланған
