ҮЕҰ деректер қоры - Қазақстанның үкіметтік емес секторының қызметін көрсететін көрсеткіш
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін ерекше мәнге ие болатын салаларда кең ауқымды тәжірибесі және әлеуеті бар, арнайы білімге және әлеуетке ие болғандықтан мемлекеттік басқару органдары үшін әріптес ретінде танылды.ҮЕҰ мен мемлекеттік басқару органдары арасындағы диалог пен ынтымақтастықтың түпкі мақсаты олардың өзара іс-қимылы мен қолда бар әлеуетті кеңейту, сондай-ақ азаматтардың жергілікті, өңірлік және республикалық деңгейлердегі әлеуметтік процестерге қатысуы болып табылады. ҮЕҰ қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын реттеу (жауапкершілік пен есептілікті қамтамасыз ету) және азаматтық қоғамның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде қабылданатын шаралардың ти…