Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс: таяу Шығыста не болып жатыр?
7 қазан таңертең Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы Израильді жаппай атқылай бастады. Қару асынған ХАМАС содырлары шекараны бұзып, Израиль қалаларына кірген.

Газа секторынан 80 шақырым аумақта төтенше жағдай жарияланды. Израильдің бірнеше қаласы зымыран соққысының астында қалды. Кей қалада атыс жүріп жатыр.
ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы "Әл-Ақса дауылы" әскери операциясын бастаған хабарлады. Олардың сөзінше, бұған "Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінің қорлануы" түрткі болған.
Шабуылға жауап ретінде Израль да "Темір қылыштар" әскери операциясын бастап, Газа секторындағы нысандарға соққы берді.
"Ұзақ әрі ауыр соғысқа кірісеміз. Израиль азаматтары, бұл операция емес - соғыс. ХАМАС-тың шабуылы бізді соғысқа мәжбүрледі", - деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Ел арасындағы қақтығыс салдырынан Израильде 700-ден аса, Газа секторында 400-ден аса адам қаза тапқан. 5 мыңға жуық адам жараланып, із-түссіз жоғалғандар бар.
Қаза тапқандар мен кепілге алынғандар арасында шетел азаматтары да бар. Осыған дейінгі ақпарат бойынша, әскери қақтығыс салдарынан Германия, Франция, Тайланд, Непал азаматтары қаза тапқан.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Израильде 400-ге жуық, Палестинада 25 қазақстандықтар болуы мүмкін. Қәзір Израильден 118 қазақстандықты елге қайтару бойынша арнайы рейс дайындалып жатыр.
ХАМАС содырлары 100-ден аса бейбіт тұрғынды тұтқынға алып, Газа секторына әкеткен.
Сенбі күні Газа секторымен шекараға жақын аумақта 2 мыңға жуық жастар жиналған Nova Festival музыкалық фестивалі өткен еді. Шабуыл барысында 260 адам қаза тапқан.

Сол фестиваліне келген Германия азаматшасы Шани Лук қатты азапталған.ХАМАС содырларының қызды ұстап алып, қол-аяғын сындырып, қорлық көрсеткен. Кейін содырлар қыздың денесін жол талғамайтын көліктің артына салып, қоршап, қол шапалақтап, түкірді.
