ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы Сарқан ауданында орналасқан, ел табиғаты үшін асыл қазына болып табылатын – «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды.Ұлттық парк аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жасап, шөп шауып, ағаш түптерін әктеп, қоқыстан тазартумен қатар, орман шаруашылығы питомнигінде күзгі ағаш егу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ағаш егетін орындарды даярлауға басым бағыт берілді. Шараға 100 жуық табиғат сақшылары және парк қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, ұлттық парк аумағындағы питомникке келер жылы 80 мың ағаш отырғызылмақ. Алдағы уақытта олар тек облыс аумағы емес, республиканың түкпір-түкпіріне жөнелтілетін болады. Аталмыш питомниктің елімізд…