"Әкім Әйел" киносының қызықтары

Қарапайым әйел мемлекеттік қызмет істеп көрмесе де, ауылдың ахуалын жақсы біледі. Өзі күтпеген жерден әкім болады. Сол сәттен бастап күнделікті үйреншікті өмірінде қызықты өзгерістер мен оқиғалар басталады.

«Әкім әйел» фильмінің түсірілім тобы күні кеше прьмера өткізді. Фильм Жетісудың көрікті жерлерінде түсірілген. Есік қаласы жанындағы алмабақта басталған жұмыстың негізгі бөлігі Жаркентке жақын жердегі Қоңырөлең ауылында жалғасады. Оқиға өмірден алынған.

Ауыл әкімін сайлау кезінде бәсекелесетін ешкім табылмай әкім өзінің еден жуушы әйелді тіркеп қояды. Ал әкімді жақтырмайтын ауыл тұрғындары әдейілеп еден жуушыға дауыс береді. Сөйтіп күтпеген сенсация болып ауыл әкімі болып еден жуушы әйел тағайындалады.

«Әкім Әйел» фильмінің режиссері - Ернат Байұзақ.
Кинодағы әйел бейнесін Нұргүл Мыңғатова ойнайды. Дарынды актриса бұған дейін «Япыр-ай» фильміне және «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Келінжан» сериалына түсіп, ел ықыласына бөленген болатын.

P.S. Алда қыз-келіншектер мейрамы, наурыз мейрамы, сондықтан жақыныңызды қалай қуантсам болады деп ойлап жүрсеңіз, өмірден алынған осы "Әкім әйел" киносына апарсаңыз, бір сергіп қалатыныңыз сөзсіз. Жеңіл, әзілдері жанды, ой саларлық фтльм деп толықтай айта аламын.

#әкімәйел
#кино
#8наурыз
#Сыйлық
#TigerFilms
