«Робот әйел" киносын көргендегі әсерім
Жақында мен Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген "Робот әйел" киносының тұсаукесеріне қатысып қайтқан болатынмын. Аған әсерім керемет!

«Робот әйел» өзбек тіліндегі «Темир хотин» фильмінің форматына келетінін байқадым. Дегенмен, біздің менталитетке ықшамдалғаны көрініп тұр. Таза комедия форматында, отбасылық құндылықты бірінші орынға қойып түсірілген кино деуге әбден болады.

Фильмнің негізгі идеясы — отбасылық құндылық. Фильмде ауыл мен қалалық жерлердегі әйел мен ердің қарым-қатынасы жайлы және заманауи технологияларға қатысты халқымыздың көзқарасы айтылады.

«Робот әйел» — әрбір адам көру керек фильм. Фильмді көрген соң басыма көптегн инсайттар келді.

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» Барыңды бағала! Шынайы бол!
«Жылтырағанның барлығы алтын емес» т.б. көптеген инсайттар алдым.

Фильмде махаббат бар, ағайындылардың арасындағы қарым-қатынас бар, көптеген қызықтар туралы да айтылады. Спойлер жасамайын, ең дұрысы өздеріңіз барып көрерсіздер:)
#роботәйел #ЖұлдызӘбдукаримова
