Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мүгедек адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін қысқа мерзімді кәсіптік білім..

Мүгедек адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін қысқа мерзімді кәсіптік білім алу.

Кәсіптік оқытудан өту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандыққа ие болу мақсатында "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 19-бабына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар оқытудан өтуге басым құқықты пайдаланады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді оқыту белгілі бір жұмыс түрі үшін қажетті кәсіптік дағдыларды жеделдетіп алуға бағытталған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілігі мен дағдыларына байланысты 6 айдан аспайды.

Кәсіптік білім алатын адамдар оқуға ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, аталған тұлғалар "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға (мүмкін онлайн режимінде) басымдыққа ие.

Бастапқы бизнесті өтеусіз және қайтарымсыз негізде іске асыруды жоспарлайтын адамдарға жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қажетті мүкәммалды, жабдықты сатып алуға не үй-жайларды төлеуге 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант алуға басым құқық беріледі.

Барлық қызықтыратын ақпарат бойынша "Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-не 8 (7142) 52 20 43, 52 20 44 телефон арқылы хабарласуға болады.

***

В целях прохождения профессионального обучения и получения востребованной специальности на рынке труда приоритетным правом на прохождение обучения пользуются инвалиды и лица, воспитывающие детей инвалидов в соответствии со статьей 19 Закона «О занятости населения».

В рамках государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Енбек» краткосрочное обучение направлено на ускоренное приобретение необходимых профессиональных навыков для определённого вида работ.

Продолжительность краткосрочного профессионального обучения составляет не более 6 месяцев в зависимости от квалификации и навыков.

Лица получающие профессиональное обучение обеспечиваются государственной поддержкой по оплате обучения, стипендией, материальной помощью на проезд, проживание и прохождение медицинского осмотра.

Вместе с тем, данные лица имеют приоритет на обучение основам предпринимательства в рамках проекта «Бастау Бизнес» (возможно в режиме онлайн).

Лицам, планирующим реализовать стартовый бизнес на безвозмездной и безвозвратной основе предоставляется приоритетное право на получение государственного гранта для реализации новых бизнес идей на приобретение необходимого инвентаря, оборудования либо оплаты помещений в размере до 200-кратного месячного расчётного показателя.

По всей интересующей информации обращаться в КГУ «Центр занятости населения города Костаная» по телефону 8 (7142) 52 20 43, 52 20 44.

0
0
262

Осы тақырып бойынша