Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мәжіліс депутаты Бөрліде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашеваның жұмыс сапары Бөрлі ауданының Бөрлі ауылынан басталды.

Бөрлі ауылының бұрынғы әкімі, ауылдың абыройлы азаматы, зейнеткер Бақтығали Макеевпен және жергілікті қауымдастық төрағасы Мұрат Өтемұратовпен кездесті. Олар ауылдық округтің жаңа сайланған әкімі Әзілхан Зарифовпен бірге ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Партияның «есіктен – есікке» акциясы бойынша Мәжіліс депутаты С.Имашева еңбек ардагері Шимаровтардың отбасымен кездесті.

Сонымен қатар С. Имашеваның Пугачев ауылындағы танысқан жаңа салынып, бітуге тақалған жол болды. Ауылдық округ әкімі М.Ізтелеуов қала іргесіндегі ауылдың жай-күйін әңгімелесе, ауылдың 2 шақырымнан астам кіре беріс жолын салып жатқан «ДСК «Приоритет» ЖШС директоры Жанна Кенжина депуттаттың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен бірге Мәжіліс депутаты аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. С.Имашеваның жұмыс сапары Ақсай қаласының Қызылтал шағын ауданында жалғасты.

Бұрынғы Қызылтал ауылы жылдан жылға жаңарып, өркендеп келеді десе болады. Әсіресе, биыл көптеген шаруалар жасалуда. Жөнделіп жатқан 17 көшенің өзі ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеуде. Аудан жағдайымен, ауданның бүгінгі таңда күрделі деп танылып отырған мәселелерімен танысқан Мәжіліс депутаты «Nur Otan» кеңсесінде қоғамдық қабылдау өткізді.

1
0
395

Осы тақырып бойынша