Мемлекеттік бағдарламаларға өтінім беру аяқталды
Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Таяуда оtbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 2-10-20 және 5-10-20 бағдарламаларына өтінім беру аяқталды.
Атап айтқанда Қаратау ауданы Бозарық шағынауданында осы бағдарламалар аясында көп қабатты 12 үй бөлінді. Онда жалпы саны 444 пәтер бар. Оның ішінде 1 бөлмелі – 111 пәтер, 2 бөлмелі – 111 пәтер және 3 бөлмелі 222 пәтер бар.
Баспананың 1 шаршы метрі 221 300 теңгеге бағаланған.
Ал іріктеу кезеңі брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күнінде өтеді. Айта кетейік, бүгінде ҚР заңдарына енгізілген өзгерістерге байланысты есепке алу баспанаға мұқтаж азаматтардың есепке қойылған күні мен табыс деңгейіне сәйкес жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
