Мирас отырысы өткізілді
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібінде: «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасының бағыттарына сәйкес Бөкейорда ауданында, Хан ордасы ауылындағы 909,1 шаршы метр тарихи - мәдени, сәулет-этнографиялық кешеннің құрылысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерін дамыту, насихаттау, Орал қаласындағы 1000 орындық концерт залы бар мәдениет сарайының құрылысы, облысымыздың қасиетті жерлерін 3D форматында аралау бойынша интерактивті сапарларды енгізу секілді сұрақтар қарастырылды. Кеңес барысында Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенов Сайран және облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Досанов кеңес мүшелерінің алдында баяндама жасады.

Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы бағытында бірқатар шаралар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
Отырыс барысында, мәдениет саласына қатысты (салынып жатқан нысандар, онлайн форматында ұйымдастырылған шаралар) сұрақтар талқыланып, басқарма басшыларына жолданған болатын. Кеңес мүшелері тарапынан онлайн форматында ұйымдастырылған отырысқа мүшелердің кейінгі жиналыстарға толық қатысуы және сайлауалды бағдарламада нақты көрсетілген мәселердің шешілуін қадағалау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.
