Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ сайлау конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 2-шілдесі күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.

Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, Саяси Кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері онлайн форматында қатысты. Конференция отырысына филиал төрағасының бірінші орынбасары Меңдешов Нұрлан Құмарұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде Қаратөбе ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Жусандой, Аққозы ауылдық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

1.Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округ әкіміне сайлауға қатысуға ұсынылады:

Қазиев Талап Айтмұханбетұлы – Жусандой ауылдық округінің әкімі, 25.05.2011 жылдан бастап партия мүшесі;

2.Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округ әкіміне сайлауға қатысуға ұсынылады:

Мұқанов Қоныс Ізімұлы – Аққозы ауылдық округінің әкімі, 20.12.2004 жылдан бастап партия мүшесі.

1
0
157

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ сайлау конференциясы өтті - Yvision.kz