«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ сайлау конференциясы өтті
2021 жылдың 01 шілде күні «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы Сатканов Миржан Мүнайдарұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде Бөрлі ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық аудандық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

