Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI сайлау конференциясы өтті

Бүгін 2021 жылдың 2 шілде күні «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы Тоқжанов Марат Лұқпанұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде Бәйтерек ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Январцев, Чиров, Зеленый ауылдық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Конференцияның ҚАУЛЫСЫ:

1.Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Жумагалиев Абылай Еспайұлы- Январцев ауылдық округінің әкімі, 2009 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;

2.Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Штык Николай Петрович – Чиров ауылдық округінің әкімі, 2003 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;

3.Бәйтерек ауданы Зеленый ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Давлетов Изгалий Сапаргалиұлы - Зеленый ауылдық округінің әкімі, 2015 жылдан партия мүшесі ұсынылсын.

1
0
242

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI сайлау конференциясы өтті - Yvision.kz