«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы өтті
2021 жылдың 02 шілде күні «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы онлайн форматында өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы Өтеғұлов Арман Кәрімұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде Теректі ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақжайық, Ақсуат, Подстепный және Приречный ауылдық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Конференцияның ҚАУЛЫСЫ:
1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Кадыралиев Болат Александрұлы - Ақжайық ауылдық округінің әкімі, 2005 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;
2. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Ахметов Жаннұр Бекбауұлы – Подстепный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2014 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;
3. Теректі ауданы Подстепный ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Мадиев Сержан Сәлімбайұлы - Подстепный ауылдық округінің әкімі, 2013 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;
4. Теректі ауданы Приречный ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Жақсыбеков Мейрамбек Жақсыбекұлы - Приречный ауылдық округінің әкімі, 2003 жылдан партия мүшесі ұсынылсын.
