Мазмұнға өту
Обложка сообщества Алматы облысы

Оқушы қыз сабақ үстінде талып құлап, қайтыс болды

Алматы облысында 4-сынып оқушысы мектептегі сабақ кезінде талып құлады. Қыз бала жолда ауруханаға апара жатқанда көз жұмған.

undefined

Фото: ult.kz


Ақпаратты облыстың білім беру басқармасындағылар растады.

Қарасай ауданының Қошмамбетов мектебіндегі бұл оқыс оқиға туралы бүгін айтылып жатқанымен, ол бір апта бұрын, яғни 23 сәуірде болыпты.

«Қыз бала сабақ үстінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 8 қазанындағы № 118 бұйрығына сай көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен, оқушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», – делінген басқарманың хабарламасында.

Қазір құқық қорғау органдары осы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  

0
0
544

Осы тақырып бойынша