Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Облыстық мәслихат депутаты азаматтарды қабылдады

28 маусым күні облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Әсел Кажиахметқызы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға Зашаған кентінің тұрғыны келді. Тұрғынның айтуы бойынша үй маңында кәріс құбырларының бұзылуы салдарынан туындаған жағымсыз иіс маза бермей жүргендігі белгілі болды. Бұл сұрақ бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтініш жолданып, ешқандай нақты жауап берілмегенін айтты.

Депутаттан бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Әсел Кажиахметқызы аталған сұрақ бойынша Зашаған кентінің әкімдігіне депутаттық сауал жолданатындығын айтып, мәселенің бақылауда болатындығын айтты.

Келесі болып мүгедек баласын тәрбиелеп отырған ата-ана жолықты. Ата-ананың айтуы бойынша жергілікті дәрігерлердің емдеу шараларын дұрыс қоймағандықтан қыздары 5 жыл бойы ешқандай әсер бермейтін дәрі-дәрмектерді қабылдағандығын Алматылық дәрігерлердің қабылдауы кезінде белгілі болған. Қыздарының денсаулығына алаңдаған ата-ана халық қалаулысынан кәсібилігі жоғары дәрігерлерге жолықтырып және де емдеу шараларына арналған дәрі-дәрмекпен көмектесуін сұрады.

Әсел Кажиахметқызы бұл мәселенің толықтай барлық мән-жайын біліп, ата-ананың байланыс деректерін жазып алып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына депутаттық сауал жолдады.

Қабылдауға келген әрбір тұрғын назардан тыс қалмай, барлық консультативтік және заңнамалық тұрғыдан түсініктемелер берілді.

@nur_otan @baibekbk

@asel_myrzakhmetova

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

1
0
256

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаты азаматтарды қабылдады - Yvision.kz