Мазмұнға өту
Обложка сообщества Павлодар облысы

Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылым жерлері халыққа қайтарылды

Аққулы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау арқылы пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.

undefined

Фото: gov.kz


Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. 

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

0
0
365

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылым жерлері... - Yvision.kz