Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды (видео)
Павлодарда Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатта жаппай төбелес болды.

Төбелестің видеосын жариялаған kerek.pv телеграм-арнасының хабарлауынша, оған 40 шақты кадет қатысқан. Олардың үшеуі зардап шегіпті.
Жараланған оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Сосын олар үйлеріне жіберілген.
«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері.
Ал облыстың білім басқармасындағылар қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
