Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

ПИК мүшелері Жолдауды талқылады

«Көмек» ПИК мүшелері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізді.

Бұл Жолдауды белгілі бір салалардағы мемлекеттік саясат парадигмасын өзгерту тұрғысынан бетбұрыс деуге болады. Әлеуметтік саясат түбегейлі қайта қаралып, қоғамда тек мемлекетке ғана үміт артуды қойып, елдегі тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру мәселесін тезірек шешу қажет екені ұғынылды. Мемлекет басшысының бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан демократияландыру процесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Талқылау жиынына қатысушылар барлық жоспарланған конституциялық реформалар жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан қуатты экономикалық серпіліске ие болады деп сенім білдірді

#AMANAT #ТоқаевпенБіргеміз

0
0
291

Осы тақырып бойынша