Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Сөмкеңізде не бар?

 

 

 

 

 

Айжан Байтанова

журналист

«Екпін» астаналық арулардың сөмкелеріне әлі де қызығушылық танытып жүр. Бүгін Әйгерім Кеулімжай мен Айгүл Жамалованың «сырлас құрбыларына» фотосаяхатты тамашалаймыз.

Әйгерім Қазнетте @AKY нигімен белгілі. Сөмкесіне үнемі салып жүретін үш нәрсе туралы қойылған сұраққа "кілт, әмиян және телефон" деп жауап берді. Өзінің айтуынша, тарақтың болғаны да артық емес.

- Бұл сөмкемді Болгарияға іссапарға барған кезімде алып едім,- дейді Әйгерім.

Италиядан әкелінген кілт салпыншағының арғы жағында дискілі күнтізбе орналасқан.

Ювижендағы алғашқы блогшылардың бірі Айгүл Жамалованы @Aigul4itai нигі бойынша оңай тауып ала аласыздар.

- Мен үшін сөмке тек қажет нәрселерімді тасымалдаушы құрал ғана, мүлдем сөмкеқұмар емеспін,- дейді өзі.

Айгүлдің сөмкесінде міндетті түрде әмиян, қызметтік куәлік және телефон болуы керек.

- Мен өзім еркіндікті жақсы көремін. Кейде телефонымды өшіріп, үйге тастап та кеткім келеді. Бірақ, мамандығым ондай мүмкіндік бермейді, біз тәулігіне 24 сағат байланыста болуымыз керек, - дейді журналист ару.

- Бұл паспорт мұқабасын Киевтен алып едім. Оны сатып алудың өзі бір әңгіме болды, дүкенді тауып алуыма үш сағат кетіпті,- деп еске алады Айгүл.

Бүгінгі кейіпкерлеріміздің сөмкелерінде косметиканың басты орын алмайтындығын байқадыңыз ба? Сіздің сөмкеңіз де сондай ма, әлде косметичкаға айналып кеткен бе? :)

Осы тақырып бойынша