СҚО-да әпкесі мен інісі асылып өлді
Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Имантау ауылында болған қос бірдей суицид туралы ақпарат тарады.
Фото: baigenews.kz
«Жексенбі күні кішкентай баланың 22 жастағы анасы жер үйдің қорасында асылып өлді. Бұл сұмдық жағдай оның он жеті жасар інісіне қатты әсер еткен. Сөйтіп, жасөспірім орманға қарай жүгіріп кетіпті. Содан кейін ол да асылған күйінде табылған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Жарияланған мәліметтерге қарағанда, әпкесі мен інісі ата-әжесінің қолында өскен. Әкесі қайтыс болған, шешесі кетіп қалған. Қыз жақында тұрмысқа шығып, бала туыпты. Сол сәбиі қазір 1 жастан асқан.
