Санкт-Петербургте қазақстандық бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті
Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған.

Фото: qaragandyhabary.kz
Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен.
«Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек Раухфус атындағы балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Оған ашық бас-ми жарақаты, ми зақымдануы, ішкі ағзалардың жарылуы деген диагноздар қойылды. Сөйтіп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған.
Жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі деген дерті бар. Оны анасы Санкт-Петербургке емдетуге алып барыпты.
