Мазмұнға өту
Обложка сообщества Абай өңірінің негізгі жаңалықтары

Семейде футбол мен волейболдан «Қала әкімінің кубогы» турнирі өтті

Шараны студенттер күніне орай “Семей қаласы әкімдігі Семей қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ “Семей қаласының жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырды.

Жарысқа қаладағы жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерінен құралған футболдан 13, волейболдан 11 команда қатысып тартысты ойын көрсетті.

Ойын нәжижесінде футболдан:

1-орын - Әлихан Бөкейханов университі

2-орын - М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

3-орын - Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі иеленді.

Волейболдан:

1-орын - Семей медицина университеті

2-орын - Шәкәрім университеті

3-орын - М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік танылған ойыншыларды «Семей» футзал клубының мүшесі Акжол Дарибай мен Ержан Карменовты марапаттады.

Волейболдан:

«Үздік шабуылшы» номинациясымен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті Қайрашев Мадияр

«Үздік ойыншы» номинациясымен Семей медицина университетінің студенті Займел Тимур

«Үздік қорғаушы» номинациясымен Шәкәрім университетінің студенті Илияс Талапбеков марапатталды.

Футболдан:

«Үздік шабуылшы» номинациясымен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті Әділбеков Әділ

«Үздік қақпашы» номинациясымен Әлихан Бөкейханов университетінің студенті Кайржанов Серіжан

«Үздік қорғаушы» номинациясымен Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Самат Арсен марапатталды.

0
0
160

Осы тақырып бойынша

Семейде футбол мен волейболдан «Қала әкімінің кубогы» турнирі өтті - Yvision.kz